HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Mac OS X үшін тапсырмаларды басып шығару
Алдын ала орнатылған басып шығару параметрлерін пайдалану (Mac OS X)
1. Файл мәзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінен осы өнімді таңдаңыз.
3. Алдын ала белгіленген параметрлер мәзірінен басып шығарудың алдын ала белгіленген
параметрін таңдаңыз.
4. Басып шығару түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтер драйверінің стандартты параметрлерін пайдалану үшін стандартты опциясын
таңдаңыз.
Алдын ала орнатылған басып шығару параметрін жасау (Mac OS X)
Қайта пайдалану мақсатымен принтер драйверлерінің ағымдағы параметрлерін сақтау үшін, басып
шығарудың алдын ала орнатылған мәндерді пайдаланыңыз.
1. Файл мәзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінен осы өнімді таңдаңыз.
3. Қайта пайдалану қажет басып шығару параметрлерін таңдаңыз.
4. Алдын ала белгіленген параметрлер мәзірінен ...түрінде сақтау опциясын таңдап, алдын ала
орнату атауын теріңіз.
5. OKтүймесін басыңыз.
Қағаздың екі жағына автоматты түрде басып шығару (Mac OS X)
1. Науалардың біріне басып шығару тапсырмасына жететіндей етіп қағаз салыңыз.
2. Файл мәзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
3. Принтер ашылмалы тізімінен осы өнімді таңдаңыз.
4. Орналасуы ашылмалы элементін таңдаңыз.
5. Two-Sided («Екі жақты») ашылмалы тізімінен байланыстыру опциясын таңдаңыз.
6. Басып шығару түймешігін басыңыз.
Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (Mac OS X)
ЕСКЕРТПЕ: Бұл өнім автоматты екі жақты басып шығару мүмкіндігін қамтиды. Дегенмен, автоматты
екі жақты басып шығару арқылы қағаз берілмесе немесе дуплекс құрылғысы ажыратылса, екі жақты
тапсырмаларды өнім қолмен де басып шығара алады.
1. Басып шығару тапсырмасына жеткілікті болатын қағазды 1-науаға салыңыз.
2. Файл мәзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
3. Принтер ашылмалы тізімінен осы өнімді таңдаңыз.
KKWW Mac OS X үшін тапсырмаларды басып шығару 41










