HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

Факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеңіз.
Басқару тақтасын пайдалану
Басқару панелін күнді, уақытты және тақырыпты орнату үшін пайдалану үшін мынадай қадамдарды
орындаңыз:
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзірін түртіңіз.
3. Basic Setup («Негізгі параметрлер») мәзірін түртіңіз.
4. Time/Date («Уақыт/Мерзім») түймесіне жылжып барып, түртіңіз.
5. 12 немесе 24 сағат пішіміндегі сағатты таңдаңыз.
6. Ағымдағы уақытты енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
7. Күн пішімін таңдаңыз.
8. Ағымдағы күнді енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
9. Факс тақырыбы мәзірін түртіңіз.
10. Факс нөмірін енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Факс нөміріндегі таңбалар саны ең көбі 20 болады.
11. Компания атын немесе тақырыбын енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Факс тақырыбындағы таңбалар саны ең көбі 25 болады.
HP Fax Setup Wizard шеберін пайдалану
Бағдарламалық құралды орнатқан кезде факс орнату процесін бітірмеген болсаңыз, оны кез келген
уақытта HP Fax Setup Wizard шебері көмегімен бітіре аласыз.
1. Бастау батырмасын басыңыз, сонан соң Programs (Бағдарламалар) батырмасын басыңыз.
2. HP түймешігін басыңыз, өнім атын таңдаңыз да, HP Fax Setup Wizard түймешігін басыңыз.
3. Факс параметрлерін реттеу үшін HP факсты реттеу шеберіндегі экранда көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Факс тақырыбында арнайы таңбаларды пайдаланыңыз
Тақырыпқа атыңызды енгізу үшін басқару тақтасын пайдалану кезінде немесе басу пернесі, жылдам
теру жазбасы немесе топтық теру жазбасы үшін атау енгізу үшін арнайы таңбаларды қамтитын
пернетақтаны ашу мақсатында 123 түймесін түртіңіз.
78 6-тарау Факс KKWW