HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - Warranty and Legal Issues Guide

Өнімді қайта орамау
Егер HP тұтынушыларды қолдау орталығы өніміңіздің жөндеуге HP компаниясына қайтарылуға
тиісті екенін анықтаса, өнімді жөнелтудің алдында оны қайта орау үшін осы қадамдарды
орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: Дұрыс буып-түймеу нəтижесінде болған тасымалдау зақымдары үшін
жауапкершілікті тұтынушы көтереді.
1. Баспа картриджін шығарып алып, сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімді жеткізудің алдында баспа картриджін шығарып алу өте маңызды
болып табылады. Жеткізу кезінде өнімде қалатын баспа картриджі ағып, өнімнің механизмі
мен басқа бөлшектеріне тонер жағылуы мүмкін.
Баспа картриджі зақымданбауы үшін, оның роликтеріне қолыңызды тигізбеңіз жəне баспа
картриджін жарық түспейтін жерде сақтаңыз.
2. Қуат кабелін, интерфейс кабелін жəне қосымша керек-жарақтарды ажыратып алып, сақтап
қойыңыз.
3. Мүмкін болса, жинақпен бірге баспа үлгілерін жəне дұрыс басылмаған 50-100 парақ қағаз
немесе басқа баспа материалын жіберіңіз.
4. АҚШ-та, жаңа орауыш материал алу үшін HP Тұтынушыларды қорғау қызметіне
хабарласыңыз. Басқа аймақтарда, мүмкін болса, өзінің орауыш материалын
пайдаланыңыз.
KKWW Өнімді қайта орамау 13