HP LaserJet Enterprise Flow MFP M830 - Warranty and Legal Guide

Қоршаған ортаны қорғау
HP компаниясы қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жолмен сапалы өнімдерді шығаруды ұстанады. Бұл
өнім қоршаған ортаға зиянды азайтатын бірнеше белгілермен жобаланған.
Озон өндіру
Осы өнім үшін озонның ауамен таралуы жалпы белгілі әдіске* сай өлшенді және бұл таралу деректері
«топтық кеңсе үлгісін көрсету сценарийі»** үшін қолданылғанда, HP басып шығару барысында
шығатын ағымдағы орта ауасының сапа стандартарынан немесе нұсқаулардан асатын озон көлемінің
елеулі емес екенін анықтай алады
.
* Басып шығару функциялары бар кеңсе құрылғыларының қоршаған орта заттаңбасымен
салыстырғанда көшірме басып шығару құрылғыларынан таратылғандарды анықтаудың сынақ әдісі;
RAL-UZ 171 – BAM шілде, 2012
** HP басып шығару жабдықтарымен сағатына ауа айналымының 0,72 желдеткіш көрсеткішімен 32
шаршы метр бөлмеде күніне 2 сағат басып шығарған кездегі озон концентрациясына негізделген
Тұтынылатын қуат
«Ready» (Дайын), «Sleep» (Ұйқы) немесе «Off» (Өшірулі) режимінде қуаттың пайдаланылуы
айтарлықтай азайып, бұл өнімнің жоғары өнімділігіне әсер етпестен табиғи ресурстар мен қаражатты
үнемдейді
. ENERGY STAR
®
логотипімен белгіленген HP басып шығару және кескіндеу жабдығы АҚШ
Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің ENERGY STAR техникалық сипаттамаларына сәйкес келеді. Келесі
белгі ENERGY STAR кәсіби кескін өнімдерінде көрсетіледі:
Қосымша ENERGY STAR кескіндеу өнімі моделінің туралы ақпарат тізімі мына сайтта берілген:
www.hp.com/go/energystar
Тонерді пайдалану
EconoMode режимі тонерді аз пайдаланады, бұл тонер картриджінің қызмет ету мерзімін ұзартуы
мүмкін. HP компаниясы EconoMode режимін ұдайы пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі үнемі
пайдаланған жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан ерте тозуы
мүмкін. Баспа сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, тонер картриджін ауыстырған жөн.
28 3-тарау Өнімнің қоршаған ортаға зиянсыздығын бақылау бағдарламасы KKWW