HP LaserJet Enterprise Flow MFP M830 - Warranty and Legal Guide
Қағаз пайдалану
Бұл өнімнің қолмен/автоматты дуплекстеу (екі-жақты баспа) және N-дейін баспа (бір бетке бірнеше
бетті басып шығару) мүмкіндігі қағаз шығыны мен табиғи қорларды пайдалану қажеттілігін азайтады.
Пластмасса
Ауырлығы 25 граммнан асатын пластмасса бөлшектер бұйымның пайдалану мерзімі аяқталғаннан
кейін пластмассаның қайта пайдалануға жарамдылығын күшейтетін халықаралық стандарттар
бойынша белгіленген
.
HP LaserJet принтерінің жабдықтары
HP LaserJet тонер картридждерін пайдаланудан кейін тегін HP ғаламдық серіктестері арқылы
қайтарып, қайта пайдалану оңай. Әрбір жаңа HP LaserJet тонер картриджі мен жабдықтар орамасында
бірнеше тілдегі бағдарлама ақпараты мен нұсқаулар болады. Бөлек қайтарғаннан гөрі бірнеше
картриджді бірден қайтарсаңыз, қоршаған ортаны қорғауға үлесіңіз көбірек болады.
HP компаниясы экология тұрғысынан қолайлы, өнертабысты және жоғары сапалы өнімдер мен
қызметтерін ұсынуды, жобалау мен жасап шығаруды, таратуды, пайдаланушыға беруді және қайта
жаратуды міндетіне алып отыр. HP ғаламдық серіктестері бағдарламасына қатыссаңыз, сіздің HP
LaserJet тонер картридждеріңізді өңдеу арқылы жаңа өнім шығаруға қажетті пластик пен металдарын
алып, жөнді қайта жаратуды қамтамасыз етеміз. Сөйтіп, қоқыс төгетін жерлерді миллиондаған тонна
қоқыстардан сақтап қаламыз. Бұл картридж қайта өңделіп, жаңа материалдарда
пайдаланылатындықтан, ол сізге қайтарылмайды. Қоршаған ортаны сақтауға жауапкершілік
көрсеткеніңізге рахмет!
тек шынайы HP LaserJet тонер картридждерін қайтару үшін қайтару белгісін пайдаланыңыз. Бұл
белгіні HP сиялы картридждерге, HP шығармаған картридждерге, қайта толтырылған, қайта жасап
шығарылған немесе кепілдік мерзімі кезінде қайтарылған картридждерге пайдаланбаңыз. HP сиялы
картридждеріңізді қайта өңдеу туралы ақпарат алғыңыз келсе, http://www.hp.com/recycle торабына
өтіңіз.
1
Program availability varies. For more information, visit www.hp.com/recycle.
Қағаз
Бұл құрылғы HP LaserJet Printer Family Print Media Guide (HP Laserjet принтерлер сериясы үшін
жазылған баспа құралдары туралы) нұсқаулықта берілген талаптарға сәйкес болған жағдайда қайта
пайдаланылған қағаздарды қолдана алады. EN12281:2002 стандартына сай осы құрылғы қайта
пайдаланылған қағазды қолдануға жарамды.
Материалдық шектеулер
Бұл HP бұйымының құрамында сынап қосындысы жоқ.
Бұл HP өнімінде қызмет көрсету мерзімінің соңында арнайы өңдеуді қажет етуі мүмкін батарея бар.
Осы өнімдегі немесе HP қамтамасыз еткен батарея мыналарды қамтиды:
HP LaserJet Enterprise flow MFP M830
Түрі Көміртегі монофторидті литий
KKWW Қағаз пайдалану 29










