HP LaserJet Enterprise Flow MFP M830 - Warranty and Legal Guide

Бұл өнім FCC Ережелерінің 15-Бөліміне сәйкес келеді. Жұмыс істеуі екі шартқа бағынышты: (1) бұл құрылғы зиянды кедергі тудырмауы
керек және (2) бұл құрылғы кез келген кедергіні, соның ішінде керексіз әрекеттің тууына себепші болатын кедергіні де қабылдауы керек.
1. Бұл өнім HP компаниясының дербес компьютерлер жүйесі арқылы әдеттегі конфигурацияда сынақтан өткен.
2. Заңдық реттеулер мақсатында, бұл өнімге реттеу үлгісінің нөмірі тағайындалған. Бұл нөмірді өнім атауымен немесе өнім
нөмір(лер)імен шатастырмау керек.
3. Өнім EN55022 және CNS13438 стандарттарының A сыныпты өнімдерге қойылатын талаптарға сәйкес келеді, бұл жағдайда мынаны
ескеру қажет: «Абайлаңыз! Бұл – A сыныпты өнім. Үй жағдайларында бұл өнім радио кедергісін тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайда
пайдаланушы тиісті шаралар қолдануы қажет болуы мүмкін».
4. Жоғарыда көрсетілгендермен бірге тиісті елдерге/аймақтарға лайықты болатын телекоммуникация қадағалау органының
рұқсаттары мен стандарттары осы құрылғыға қолданылды.
5. Бұл өнім аналогтық факстың қосалқы модулін пайдаланады. Оның реттеуші үлгі нөмірі: BOISB-0703-00, осы құрылғы сатылатын
елдердің/аймақтардың техникалық заң талаптарына сай.
Бойс, Айдахо АҚШ
1 қараша, 2015 ж.
Тек ережелер туралы тақырыптар бойынша мына жерге хабарласыңыз:
Еуропа бойынша хабарласу: HP Deutschland GmbH, HQ-TRE, 71025 Böblingen, Germany
www.hp.eu/certificates
АҚШ бойынша хабарласу: HP Inc., 1501 Page Mill Road, Palo Alto, CA 94304 650-857-1501
KKWW Сәйкестік декларациясы 37