HP Color LaserJet Pro MFP M477 - User's Guide
4. Көшірмелер санын реттеу үшін Copies (Көшірмелер) опциясын түртіп, көшірмелер санын енгізіңіз де,
OK опциясын түртіңіз.
5. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) опциясын түртіңіз.
Сақталған тапсырманы жою
Сақталған тапсырманы принтердің жадына жібергенде, принтер сондай пайдаланушы аты және тапсырма
атауы бар бұрынғы кез келген тапсырмалардың үстіне жазады. Егер принтердің жады толса, принтердің
басқару тақтасы No more memory (Басқа орын жоқ) деген хабарды көрсетеді және қосымша басып
шығару тапсырмаларын сақтамастан бұрын, бұрынғы сақталған тапсырмалар жойылуы керек.
Принтердің жадында сақталған тапсырманы жою үшін осы процедураны пайдаланыңыз.
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранынан Jobs (Тапсырмалар) мәзірі көрсетілгенше сипаңыз.
Jobs (Тапсырмалар) түймесін түртіңіз де, мәзірді ашыңыз.
2. Job Folders (Тапсырма қалталары) тізімінен пайдаланушы атын таңдаңыз. Сол пайдаланушы атымен
сақталған тапсырмалар тізімі көрсетіледі.
3. Тапсырманың атауын таңдаңыз. Егер тапсырма жеке немесе шифрланған болса, PIN кодын немесе
құпия сөзді енгізіңіз.
4. Тапсырманы жою үшін Delete (Жою) опциясын таңдаңыз, одан кейін OK түймесін таңдаңыз.
KKWW Кейінірек басып шығару немесе оңашада басып шығару үшін баспа тапсырмаларын өнімде сақтау 47










