HP Color LaserJet Pro MFP M477 - User's Guide
3. Телефон кабелін принтердегі факс портына және қабырғадағы телефон ұясына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: кейбір елдерде/аймақтарда принтермен бірге берілген телефон кабеліне адаптер қажет
болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: кейбір принтерлерде факс порты телефон портының үстінде болуы мүмкін. Принтердегі
белгішелерді қараңыз.
4. Автожауапбергіштің телефон кабелін принтер артындағы телефон желісінің шығыс портына
жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: автожауапбергішті тікелей принтерге жалғаңыз, әйтпесе автожауапбергіш жіберіліп
жатқан факстің факс үндерін жазуы және принтер факстерді қабылдамауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: егер автожауапбергіште кірістірілген телефон болмаса, ыңғайлы болуы үшін телефонды
автожауапбергіштегі OUT (ШЫҒЫС) портына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: кейбір принтерлерде факс порты телефон портының үстінде болуы мүмкін. Принтердегі
белгішелерді қараңыз.
5. Принтердегі жауап беретін қоңыраулар параметрін реттеңіз.
а. Принтерді қосыңыз.
ә. Принтердің басқару панелінің негізгі экранындағы Setup (Параметрлерді орнату) түймешігін
түртіңіз.
б. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін түртіңіз.
в. Basic Setup (Негізгі параметрлерді орнату) мәзірін түртіңіз.
88 7-тарау Факс KKWW










