HP Color LaserJet Pro MFP M477 - User's Guide

System Setupүйе параметрі)
Баспа сапасы
Туралауды реттеу
3. Print Test Page (Сынақ бетін басып шығару) опциясын таңдаңыз.
4. Дұрыстайтын науаны таңдаңыз, сосын басып шығарылған беттердегі нұсқауларды орындаңыз.
5. Нәтижелерді тексеру үшін, Print Test Page (Сынақ бетін басып шығару) опциясын таңдап, қажет болса,
басқа реттеулерді орындаңыз.
6. Жаңа параметрлерді сақтау үшін OK түймесін түртіңіз.
Түс параметрлерін реттеу (Windows)
Басып шығарылған беттегі түстер компьютер экранындағы түстерге сәйкес келмесе немесе басып
шығарылған беттегі түс көңіліңізден шықпаса, мына қадамдарды орындаңыз.
Түс тақырыбын өзгерту
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз.
3. Color (Түс) жиекбелгісін басыңыз.
4. Оны тазалау үшін HP EasyColor құсбелгіcін қойыңыз.
5. Color Themes (Түс тақырыптары) ашылмалы тізімінен түс тақырыбын таңдаңыз.
Default (sRBG) (Әдепкі (sRGB)): бұл тақырып арқылы принтерді реттеп, RGB деректерін
өңделмеген түрде басып шығаруға болады. Бұл тақырыпты пайдаланғанда дұрыс көрсетілуі
үшін түсті бағдарламалық құралда немесе операциялық жүйеде басқару керек.
Vivid (sRGB) (Жарқын (sRGB)): принтер орташа өңдердегі түс қанықтығын арттырады. Бұл
тақырыпты іскерлік сызбаларды басып шығару барысында пайдаланыңыз.
Photo (sRGB) (Фото (sRGB)): принтер RGB түсін сандық шағын зертханада басылып шыққан
фотосурет ретінде бейнелейді. Принтер Default (sRBG) (Әдепкі (sRGB)) тақырыбымен
салыстырғанда терең, қанық түстерді бейнелейді. Фотосуреттерді басып шығару кезінде осы
тақырыпты пайдаланыңыз.
Photo (Adobe RGB 1998): Фотосурет (Adobe RGB 1998) sRGB қарағанда AdobeRGB түс кеңістігін
пайдаланатын сандық фотосуреттерді басып шығарғанда осы тақырыпты пайдаланыңыз. Бұл
параметрді пайдаланғанда бағдарламалық құралдағы түсті реттейтін функцияны өшіріп
тастаңыз.
Ешбір: Ешбір түс тақырыбы қолданылмады.
Custom Prole (Өзгертпелі профайл): Түс шығысын дәл басқару мақсатында бапталған кіріс
профилін пайдалану үшін осы опцияны таңдаңыз (мысалы, нақты HP Color LaserJet өнімін
эмуляциялау үшін). Бапталған профильдерді www.hp.com торабынан жүктеңіз.
6. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін түртіңіз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 145