HP Color LaserJet Pro MFP M477 - User's Guide
Құжат бергішті пайдаланған кезде сызықтарды немесе жолдарды кетіреді
Құжат бергішті пайдаланған кезде сызықтар немесе жолдар көшірілген немесе сканерленген құжаттарда
пайда болса, құжат бергіштің шынысынан қалдықтарды тазалау үшін төмендегі процедураны
пайдаланыңыз. Қалдықтарға шаң, қағаз немесе тонер шаңы, жапсырма жабыстырғышының, түзеткіш
сұйықтығының немесе таспаның қалдығы, сия, саусақ іздері мен басқалар кіруі мүмкін.
1. Сканердің қақпағын ашыңыз.
2. Сканердің негізі шынысының сол жағынан бір дюймдік шыны жолақты тауып, шыны жолын тазалау
үшін суланған жұмсақ, түбітсіз шүберекті пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Принтердің кез келген бөлігін тазалау барысында абразивті заттарды, ацетонды, бензинді,
аммиакты, этил спиртін немесе көміртегі тетрахлоридін пайдаланбаңыз, себебі олар принтерді
зақымдауы мүмкін. Сұйықтықтарды тікелей шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына төгіліп,
принтерді зақымдауы мүмкін.
3. Шыны жолақтың үстіндегі сканер қақпағының астында үстіңгі пластик жолақты тазалау үшін
суланған жұмсақ, түбітсіз шүберекті пайдаланыңыз.
4. Дақ түспеу үшін, шыны жолақ пен үстіңгі жолақты жұмсақ, құрғақ шүберекпен кептіріңіз, содан кейін
қайтадан көшіріп немесе сканерлеп көріңіз.
Қағаз параметрлерін тексеру
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Copy (Көшіру) белгішесін түртіңіз.
2. Settings (Параметрлер) түймешігін түртіңіз де, Paper (Қағаз) түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
3. Қағаз өлшемдері тізімінде, науадағы қағаз өлшемінің атауын түртіңіз.
4. Қағаз түрлері тізімінде, науадағы қағаз түрінің атауын түртіңіз.
Суретті реттеу параметрлерін тексеру
1. Негізгі экранда Copy (Көшіру) түймешігін түртіңіз.
2. Settings (Параметрлер) түймешігін, одан кейін Image Adjustment (Кескін реттеу) түймешігіне жылжып,
оны түртіңіз.
3. Реттеу керек параметрді басыңыз.
● Lightness (Ашықтық): ашықтық/күңгірттік параметрін реттейді.
● Contrast (Контраст): кескіннің ең ашық және ең күңгірт аймақтарының арасындағы контрастты
реттейді.
● Sharpen (Айқындау): мәтін таңбаларының айқындығын реттейді.
● Background Removal (Фонды алу): кескін өңінің күңгірттік деңгейін реттейді. Бұл түрлі түсті
қағаздарда басып шығарылатын түпнұсқа құжаттар үшін өте ыңғайлы.
● Color Balance (Түс балансы): қызыл, жасыл және көк түстердің реңктерін реттейді.
● Grayness (Сұр түс): түстердің қанықтығын реттейді.
150 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW










