HP Color LaserJet Pro MFP M477 - User's Guide

Бастапқы экранның құрылымы
Негізгі экран принтер мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік беріп, принтердің ағымдағы күйін көрсетеді.
Принтердің басқару тақтасындағы Home (Бастапқы) түймесін түртіп, негізгі экранға кез келген уақытта
оралыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Негізгі экранда көрсетілетін мүмкіндіктер принтердің конфигурациясына байланысты әртүрлі
болуы мүмкін.
1 Қалпына келтіру түймесі Кез келген уақытша тапсырма параметрлерін әдепкі принтер параметрлеріне қайтару үшін осы
түймені түртіңіз.
2 Байланыс ақпараты
түймесі
Желілік ақпаратпен қамтамасыз ететін Байланыс ақпараты мәзірін ашу үшін осы түймені
түртіңіз. Принтер қосылған желінің түріне байланысты, түйме сымды желі белгішесі
немесе сымсыз желі белгішесі түрінде болады.
3
Setup (Орнату) түймесі
Setup (Орнату) мәзірін ашу үшін осы түймені түртіңіз.
4
Apps (Қолданбалар)
түймесі
Таңдалған веб-қолданбалардан тікелей басып шығаратын Apps (Қолданбалар) мәзірін ашу
үшін осы түймені түртіңіз.
5
Supplies (Жабдықтар)
түймесі
Жабдықтар күйі туралы ақпаратты көру үшін осы түймені түртіңіз.
6 USB түймесі USB Flash Drive мәзірін ашу үшін осы түймені түртіңіз.
7
Fax (Факс)
Факс мүмкіндіктерін ашу үшін осы түймені түртіңіз.
8 Scan (Сканерлеу) Сканерлеу мүмкіндіктерін ашу үшін осы түймені түртіңіз:
Scan to USB Drive (Сканерлеп, USB құрылғысына сақтау)
Желідегі қалтаға сканерлеу
Электрондық поштаға сканерлеу
9 Jobsапсырмалар)
түймесі
Сақталған тапсырмалар мүмкіндігін ашу үшін осы түймені түртіңіз.
10
Copy (Көшіру)
Көшіру мүмкіндіктерін ашу үшін осы түймені түртіңіз.
11 Принтер күйі Бұл экран аймағында жалпы принтер күйі туралы ақпарат беріледі.
KKWW Өнім көріністері 5