HP Color LaserJet Pro MFP M477 - User's Guide

Конверттерді салу және басып шығару
Кіріспе
Төмендегі ақпарат конверттерді басып шығару және салу жолын сипаттайды. Ең жақсы өнімділік үшін 1-
науаға конверттердің тек 5 мм өлшемін (4 және 6 конверт) салу керек, ал 2-науаға 10 конверт қана салу
керек.
1-науаны немесе 2-науаны қолданып конверттерді басып шығару үшін, баспа драйверінде дұрыс
параметрлерді таңдау үшін осы қадамдарды орындаңыз.
Конверттерді басып шығару
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Сипаттар немесе
Параметрлер түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Түйменің атауы бағдарламаға қарай әртүрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы мүмкіндіктерге Windows 8 немесе 8.1 нұсқасының Бастау экранынан кіру үшін,
Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, содан кейін принтерді таңдаңыз.
3. Қағаз/Сапа қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.
4. Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінен конверттер үшін дұрыс өлшемді таңдаңыз.
5. Қағаз түрі ашылмалы тізімінен Конверт параметрін таңдаңыз.
6. Қағаз көзі ашылмалы тізімінде қолданылатын науаны таңдаңыз.
7. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
8. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін түртіңіз.
KKWW Конверттерді салу және басып шығару 23