HP Color LaserJet Pro MFP M477 - User's Guide

Wi-Fi Direct
Settings (Параметрлер)
Қосулы/өшірулі
3. On (Қосу) мәзір элементін түртіңіз. O (Өшіру) түймесі Wi-Fi Direct басып шығаруын өшіреді.
ЕСКЕРТПЕ: бірдей принтердің бірнеше үлгілері орнатылған орталарда Wi-Fi Direct басып шығаруы үшін
принтерді оңай анықтау мақсатында әрбір принтерге бірегей Wi-Fi Direct атын беру пайдалы болуы мүмкін.
Wi-Fi Direct аты принтердің басқару панеліндегі негізгі экраннан байланыс ақпараты белгішесін
түрту және одан кейін Wi-Fi Direct белгішесін түрту арқылы ғана қолдануға болады.
Принтердің Wi-Fi Direct атауын өзгерту
Принтердің Wi-Fi Direct атын HP ендірілген веб-серверін (EWS) қолданып өзгерту үшін осы процедураны
орындаңыз:
Бірінші қадам: НР ендірілген веб-серверін ашу
1. Принтердің басқару панелінің негізгі экранындағы байланыс ақпараты түймешігін басып,
IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін Network Connectedеліге қосылған)
түймешігін немесе Network Wi-Fi ON (Wi-Fi желісін қосу) түймешігін түртіңіз.
2. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолына IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің
басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
EWS қызметін ашқан кезде веб-браузер There is a problem with this website’s security certicateұл
веб-сайттың қауіпсіздік сертификатына қатысты бір мәселе бар) хабарламасын көрсетсе, Continue to
this website (not recommended)ұл веб-сайтты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды)) опциясын
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Continue to this website (not recommended)ұл веб-сайтты ашуды жалғастыру
(ұсынылмайды)) опциясын таңдау HP принтері үшін EWS қызметінде шарлау барысында компьютерге
зиян келтірмейді.
Екінші қадам: Wi-Fi Direct атауын өзгерту
1. Networkingелі) қойындысын басыңыз.
2. Сол жақ шарлау аймағындағы Wi-Fi Direct Setup (Wi-Fi Direct параметрлерін орнату) сілтемесін
басыңыз.
3. Wi-Fi Direct Name (Wi-Fi Direct атауы) жолағына жаңа атауды енгізіңіз.
4. Apply (Қолдану) түймешігін басыңыз.
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
Құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолданатын құрылғыдан электрондық хабардың
тіркемесі ретінде принтердің электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы басып шығару үшін
HP ePrint құралын пайдаланыңыз.
KKWW Мобильді басып шығару 49