HP Color LaserJet Pro MFP M477 - User's Guide

Факстерді жіберуді және алуды реттеу
Бастау алдында
1-қадам: телефон қосылымының түрін анықтау
2-қадам: факсті реттеу
3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу
4-қадам: факс сынағын орындау
Бастау алдында
Факс қызметін қоспай тұрып принтер толығымен реттелгенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: принтерді телефон ұясына жалғау үшін принтермен бірге берілген телефон кабелін және кез
келген адаптерлерді пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: сериялық телефон жүйелері пайдаланылатын елдерде/аймақтарда принтермен бірге
адаптер жеткізіледі. Принтер жалғанған телефон ұясына басқа телекоммуникациялық құрылғыларды
жалғау үшін адаптерді пайдаланыңыз.
Келесі төрт қадамның әрқайсысындағы нұсқауларды орындаңыз:
1-қадам: телефон қосылымының түрін анықтау (84-бет).
2-қадам: факсті реттеу (85-бет).
3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу (89-бет).
4-қадам: факс сынағын орындау (91-бет).
1-қадам: телефон қосылымының түрін анықтау
Қолданылатын орнату әдісін анықтау үшін келесі жабдық және қызмет түрлерін қарап шығыңыз.
Қолданылатын әдіс телефон жүйесінде орнатып қойылған жабдыққа және қызметтерге байланысты.
ЕСКЕРТПЕ: принтер аналогтық құрылғы болып табылады. НР компаниясы принтерді арнаулы аналогтық
телефон желісінде пайдалануды ұсынады.
Dedicated phone line (Арнайы бөлінген телефон желісі): принтер телефон желісіне қосылған жалғыз
жабдық немесе қызмет болып табылады
Дауыстық қоңыраулар: дауыстық және факс қоңыраулары бір телефон желісін пайдаланады
Автожауапбергіш: автожауапбергіш факс қоңыраулары үшін қолданылатын телефон желісінде
дауыстық қоңырауларға жауап береді
Дауыстық пошта: дауыстық поштаға жазылым қызметі факспен бірдей телефон желісін пайдаланады
Distinctive ring service (Ерекше қоңырау шалу қызметі): бірнеше телефон нөмірін бір телефон
желісімен байланыстыруға мүмкіндік беретін телефония компаниясының қызметі, әр нөмірдің
қоңырау үлгісі басқаша болады; принтер өзіне белгіленген қоңырау үлгісін анықтайды және
қоңырауға жауап береді
Компьютердің терілмелі модемі: компьютер терілмелі қосылым арқылы Интернетке қосылу үшін
телефон желісін пайдаланады
84 7-тарау Факс KKWW