HP Color LaserJet Pro MFP M477 - User's Guide
3. Принтердің артындағы телефон желісі шығыс портының ашасын алыңыз да, телефонды осы портқа
жалғаңыз.
4. Принтерді факс қоңырауларына автоматты түрде жауап беретін етіп реттеңіз.
а. Принтерді қосыңыз.
ә. Принтердің басқару панелінің негізгі экранындағы Setup (Параметрлерді орнату) түймешігін
түртіңіз.
б. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін түртіңіз.
в. Basic Setup (Негізгі параметрлерді орнату) мәзірін түртіңіз.
г. Answer Mode (Жауап беру режимі) параметрін, одан кейін Automatic (Автоматты) параметрін
түртіңіз.
5. Принтерді факсті жіберу алдында теру үнін тексеретін етіп реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл басқа біреу телефонды пайдаланып жатқан кезде принтердің факс жіберуін
болдырмайды.
а. Принтердің басқару панелінің негізгі экранындағы Setup (Параметрлерді орнату) түймешігін
түртіңіз.
ә. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін түртіңіз.
б. Advanced Setup (Кеңейтілген параметрлерді орнату) мәзірін түртіңіз.
в. Detect Dial Tone (Теру үнін анықтау) параметрін, одан кейін On (Қосу) күйін түртіңіз.
6. 3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу (89-бет) бөліміне өтіңіз.
Автожауапбергіш бар ортақ дауыс/факс желісі
Принтерді автожауапбергіш бар ортақ дауыс/факс желісінде орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз.
1. Телефон ұясына қосылған барлық құрылғыларды ажыратыңыз.
2. Принтердің артындағы телефон желісінің шығыс портының ашасын алыңыз.
KKWW Факстерді жіберуді және алуды реттеу 87










