HP LaserJet Pro Color MFP M476 - Initial Startup Guide
14
Бағдарламалық құралды орнату үшін
дайындық
Өнім мен компьютер
арасындағы тікелей
USBқосылымы
2 метрден (6,6 футтан) ұзын емес, A-B
типті USB кабелін пайдаланыңыз.
Windows
1. Windows үшін бағдарламалық құралды
орнатпастан бұрын Windows 8,
8.1немесе RT нұсқасынан басқада USB
кабелін қоспаңыз. Кабельді жалғап
қойған болсаңыз, жалғастырмас бұрын
оны ажыратыңыз. Орнату барысында
уақыты келгенде кабельді жалғау
туралы нұсқау беріледі.
2. «Бағдарламалық құралды орнату
файлдарын табу немесе жүктеп алу»
бөліміндегі қадамдарға өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ. Бағдарламалық құралды
орнату кезінде «Directly connect this
computer using a USB cable» (Бұл
компьютерді USB кабелін пайдаланып
тікелей қосу) параметрін таңдаңыз.
Mac
1. Mac құрылғысы үшін бағдарламалық
құралды орнатпас бұрын компьютер
мен өнімді USB кабелі арқылы
жалғаңыз.
2. «Бағдарламалық құралды орнату
файлдарын табу немесе жүктеп алу»
бөліміндегі қадамдарға өтіңіз.
Сымды (Ethernet)
желі қосылымы
Стандартты желі кабелін
пайдаланыңыз.
1. Желі кабелін өнімге және желіге
жалғаңыз. Өнім желі мекенжайын
алғанша бірнеше минут күте тұрыңыз.
2. Өнімнің басқару панелінде Network
(Желі)
түймесін түртіңіз. Егер
IP мекенжайы тізімде берілсе, желі
қосылымы орнатылған. Егер берілмесе,
тағы кішкене күте тұрыңыз да, әрекетті
қайталаңыз. Бағдарламалық құралды
орнату барысында қолданылатын
IP мекенжайына назар аударыңыз.
Мысал IP мекенжайы: 192.168.0.1
IP мекенжайын қолмен
конфигурациялау үшін мына бөлімді
қараңыз: «IP мекенжайын қолмен
конфигурациялау.»
3. «Бағдарламалық құралды орнату
файлдарын табу немесе жүктеп алу»
бөліміндегі қадамдарға өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ. Бағдарламалық құралды
орнату кезінде «Connect through
a network» (Желі арқылы қосылу)
параметрін таңдаңыз.
Puma_EAC_GSG_CF385-90980.indd 14 7/1/2014 5:39:51 PM










