HP LaserJet Pro Color MFP M476 - Initial Startup Guide
16
Windows
1. Өнімнің ықшам дискісін компьютерге
салыңыз немесе Интернеттен жүктеп
алынған бағдарламалық құралдың
орнату файлын іске қосыңыз.
2. Бағдарламалық құралды орнатушы
операциялық жүйенің тілін анықтайды
да, орнату бағдарламасының негізгі
мәзірін сол тілде көрсетеді. Ықшам
дискіден орнатқан кезде орнату
бағдарламасы 30 секундтан кейін
іске қосылмаса, компьютерде ықшам
дискіні шолып, SETUP.EXE деп
аталатын файлды іске қосыңыз.
3. Software Selection (Бағдарламалық
құралды таңдау) экраны орнатылатын
бағдарламалық құрал туралы
толығырақ мәліметтерді береді.
• Ұсынылатын бағдарламалық
құралды орнатуға барлық
қолжетімді өнім мүмкіндіктеріне
арналған баспа драйвері мен
бағдарламалық құрал кіреді.
• Орнатылған бағдарламалық
құралды реттеу үшін Customizable
software selections (Реттелетін
бағдарламалық құралды таңдау)
сілтемесін басыңыз. Аяқталғаннан
кейін, Next (Келесі) түймесін
басыңыз.
4. Бағдарламалық құралды орнату үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Байланыс түрін таңдауға нұсқау
берілгенде байланыс түрінің тиісті
опциясын таңдаңыз:
• Осы компьютерді USB кабелін
пайдаланып тікелей қосу
• Желі арқылы қосу
ЕСКЕРТПЕ. Желі арқылы қосу
кезінде өнімді таңдаудың ең оңай
жолы — Automatically nd my
product on the network (Желіде
өнімімді автоматты түрде табу)
параметрін таңдау.
6. (Міндетті емес) Желідегі өнімдер үшін
бағдарламалық құралды орнату
процесінің соңында Fax Setup Wizard
(Факсты орнату шебері), Scan to
E-mail Wizard (Электрондық поштаға
сканерлеу шебері) және Scan to
Network Folder Wizard (Желілік қалтаға
сканерлеу шебері) арқылы сканерлеу
мүмкіндіктерін орнатыңыз. Бұл — осы
мүмкіндіктерді конфигурациялаудың
ыңғайлы жолы. Қосымша ақпаратты
«Желідегі өнімдер үшін сканерлеу
мүмкіндіктерін орнату» бөлімінен
қараңыз.
Бағдарламалық құралды орнату
OS X
1. Интернеттен жүктеп алынған .dmg
бағдарламалық құралды орнату
файлын іске қосыңыз.
2. Бағдарламалық құралды орнатушы
операциялық жүйенің тілін анықтайды
да, орнату бағдарламасының негізгі
мәзірін сол тілде көрсетеді.
3. Installation Options (Орнату
опциялары) экраны орнатылатын
бағдарламалық құрал туралы
толығырақ мәліметтерді береді.
• Стандартты орнату үшін Install
(Орнату) түймесін басыңыз.
• Өзгертпелі орнату үшін Customize
(Теңшеу) түймесін басыңыз.
Ашылатын экранда орнату үшін
компоненттерді таңдаңыз, одан
кейін Install (Орнату) түймесін
басыңыз.
4. Бағдарламалық құралды орнату үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Бағдарламалық құралды орнату
барысының соңында өнім опцияларын
конфигурациялау үшін HP Utility
орнату көмекшісін
пайдаланыңыз.
HP үшін Readiris Pro
Қосымша таңба тану (OCR) мүмкіндігін қоса,
қосымша сканерлеу мүмкіндіктерін қосу
үшін осы тегін бағдарламалық құралды
жүктеп алыңыз. Бағдарламалық құралды
орнату кезінде сол жақ тақтадағы More
Options (Қосымша параметрлер) элементін
таңдаңыз, одан кейін осы бағдарламалық
құралды жүктеп алу үшін Web Support
(Веб-қолдау) тармағын таңдаңыз.
Бағдарламалық құралды
Интернеттенжүктеп алу үшін
www.hp.com/support/colorljMFPM476
торабына өтіңіз және Drivers, Software &
Firmware (Драйверлер, бағдарламалық
құрал және микробағдарлама)
тармағынтаңдаңыз.
Puma_EAC_GSG_CF385-90980.indd 16 7/1/2014 5:39:52 PM










