HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide
Микробағдарламаны жаңарту
HP компаниясы кезеңдік өнім жаңартуларын, жаңа веб-қызметтер қолданбаларын жəне бар веб-
қызметтер қолданбалары үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Бір өнімде өнімнің
микробағдарламасын жаңарту үшін осы қадамдарды орындаңыз. Микробағдарламаны
жаңартқанда веб-қызмет қолданбалары автоматты түрд
е жаңар
тылады.
Осы өнімде микробағдарламаны жаңартуды орындаудың екі қолдау көрсетілетін əдісі бар.
Өнімнің микробағдарламасын жаңарту үшін келесі əдістердің біреуін ғана пайдаланыңыз.
Бірінші əдіс: микробағдарламаны басқару тақтасын пайдаланып
жаңарту
Микробағдарламаны басқару тақтасынан жүктеу (тек желіге қосылған өнімдерде) жəне/немесе
өнімді болашақ микробағдарлама жаңартуларын автоматты түрде жүктелетін етіп орнату үшін
осы қадамдарды пайдаланыңыз. USB арқылы жалғанатын өнімдер үшін екінші əдіске өтіңіз.
1. Өнім белсенді ин
тернет қосылымы бар сымды (Ethernet) немесе сымсыз желіге
қосылғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: микробағдарламаны желілік қосылым арқылы жаңарту үшін өнім интернетке
қосылған болуы керек.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup (Параметрлерді орнату) мəзірін
ашыңыз.
●
Сенсорлы экранның басқару тақталарында параметрлерді орнату
түймешігін
түртіңіз.
●
Стандартты басқару тақталары үшін сол немесе оң жақ көрсеткі түймешігін басыңыз.
3. Service (Қызмет) мəзіріне жылжып, ашыңыз, одан кейін LaserJet Update (LaserJet жаңарту)
мəзірін ашыңыз.
ЕСКЕРІМ: егер LaserJet Update (LaserJet жаңарту) параметрі тізімде жоқ болса, екінші əдісті
пайдаланыңыз.
4. Жаңартуларды тексеріңіз.
●
Сенсорлы экран басқару тақталары үшін Check for Updates Now (Қазір жаңартуларды
тексеру) параметрін түртіңіз.
●
Стандартты басқару тақталары үшін Check for Update (Жаңартуды тексеру) параметрін
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: өнім жаңартуды автоматты түрде тексереді жəне жаңарақ нұсқа анықталса,
жаңарту процесі автоматты түрде басталады.
5.
Өнімді жаңартулар қол жетімді болғанда микробағдарламаны автоматты түрде
жаңартатын етіп реттеңіз.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup (Параметрлерді орнату) мəзірін
ашыңыз.
92 Бап 8 Өнімді басқару
KKWW










