HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide

Сенсорлы экранның басқару тақталарында параметрлерді орнату
түймешігін
түртіңіз.
Стандартты басқару тақталары үшін сол немесе оң жақ көрсеткі түймешігін басыңыз.
Service (Қызмет) мəзіріне жылжып, оны ашыңыз, LaserJet Update (LaserJet жаңарту) мəзірін
ашыңыз, одан кейін Manage Updates (Жаңартуларды басқару) мəзірін таңдаңыз.
Өнімді микробағдар
ламаны автоматты түрде жаңартуға реттеңіз.
Сенсорлы экран басқару тақталары үшін Allow Updates (Жаңартуларға рұқсат ету)
параметрін YES (ИƏ) күйіне орнатыңыз, одан кейін Check automatically (Автоматты түрде
тексеру) параметрін ON (ҚОСУ) күйіне орнатыңыз.
Стандартты басқару тақталары үші
н Allow Updates (Жаңартуларға рұқсат ету)
параметрін YES (ИƏ) күйіне орнатыңыз, одан кейін Automatic Check (Автоматты түрде
тексеру) параметрін ON (ҚОСУ) күйіне орнатыңыз.
Екінші əдіс: микробағдарламаны жаңарту утилитасын пайдаланып
микробағдарламаны жаңарту
HP.com веб-сайтынан микробағдарламаны жаңарту утилитасын қолмен жүктеу жəне орнату үшін
осы қадамдарды пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: бұл əдіс компьютерге USB кабелі арқылы жалғанған өнімдер үшін жалғыз қол
жетімді микробағдарламаны жаңарту параметрі болып табылады. Сондай-ақ, ол желіге
қосылған өнімдерде жұмыс істейді.
1. Мына www.hp.com/go/support бетіне өтіңіз де, Drivers & Software (Драйверлер жəне
бағдарламалар) сілтемесін басыңыз, іздеу өрісінде өнім атауын теріңіз, ENTER түймешігін
басып, іздеу нəтижелерінің тізімінен өнімді таңдаңыз.
2. Операциялық жүйені таңдаңыз.
3. Firmware (Микробағдарлама) бөлімінде Firmware Update Utility (Микробағдарламаны
жаңарту утилитасы) тарм
ағын табыңыз.
4. Download (Жүктеу) түймешігін, Run (Орындау) түймешігін, одан кейін Run (Орындау)
түймешігін қайтадан басыңыз.
5. Утилита іске қосылғанда ашылмалы тізімнен өнімді таңдаңыз, одан кейін Send Firmware
(Микробағдарламаны жіберу) параметрін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: жаңарту процесінің алдында немесе одан кейін орнатылған микробағдарлама
нұсқасын тексеру мақсатында конфигурация бетін басып шығару үшін Print Config
(Конфигурацияны басып шығару) параметрін басыңыз.
6. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз, одан кейін утилитаны жабу үшін Exit
(Шығу) түймешігін басыңыз.
KKWW Микробағдарламаны жаңарту
93