HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide

Кептелістерді жою
Кептелу орындары
Кептелу орындарын анықтау үшін осы суретті пайдаланыңыз. Бұған қоса, басқару тақтасына
кептелген қағаздың орнын сізге көрсетеді жəне оны жою əдісін көрсететін нұсқаулар шығады.
ЕСКЕРІМ: Кептелуді тазалауға қажет болуы мүмкін өнімнің ішкі аумақтарында жасыл тұтқалар
немесе жасыл жапсырмалар болады.
1
Құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысы
2
Дуплексер
3
Шығару науасы
41-науа
52-науа
63-науа
Кептелуден кейін тонердің босап қалуы мүмкін. Біраз қағаз басылып шыққаннан кейін бұл
мəселе өздігінен шешіледі.
Қағаз кептелістері жиі немесе қайта-қайта орын ала бере ме?
Қағаз кептелістерінің санын азайту үшін, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
2. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса,
басқа бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
3. Бұрын бас
ылып шығарылған немесе көшірілген қағазды қайта қолданбаңыз.
4. Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар жинағын
шығарыңыз, жинақты тікейтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
KKWW Кептелістерді жою
103