HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide

Баспа сапасын жақсарту
Егер өнімде баспа сапасы бойынша мəселелер болып жатса, мəселені шешу үшін келесі
шешімдерді берілген ретпен қолданып көріңіз.
Егер өнімде сканерлеу, факс немесе көшіру сапасы бойынша мəселелер болып жатса, келесі
шешімдерді қолданып көріңіз жəне қосымша шешімдерді «Сканерлеу сапасын жақсарту», «Факс
сапас
ын жақсарту» немесе «Көшіру сапасын жақсарту» бөлімінен де қараңыз.
Əртүрлі бағдарламалық құралдан басып шығару
Баспа тапсырмасы үшін қағаз түрінің параметрін тексеру
Тонер картриджінің күйін тексеру
Баспа сапасы бетін басып шығару жəне түсіну
Өнімді тазалау
Тонер картриджін көзбен тексеру
Қағаз бен басып шығару ортасын тексеру
Түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру
Басқа баспа тапсырмасы параметрлерін тексеру
Басқа принтер драйверін қолданып көру
Əртүрлі бағдарламалық құралдан басып шығару
Басқа бағдарламалық құралдан басып шығарып көріңіз. Бет дұрыс басылып шықпаса, мəселе
басып шығарып отырған бағдарламалық құралыңызға қатысты болып отыр.
Баспа тапсырмасы үшін қағаз түрінің параметрін тексеру
Бағдарламадан басып шығарғанда жəне басылған беттерде жағылулар, анық емес немесе
күңгірт басып шығару, оралған қағаз, кездейсоқ орналасқан тонер дақтары, шашыраңқы тонер
немесе тонер жоқ шағын аумақтар бар болса, қағаз түрі параметрін тексеріңіз.
Қағаз түрінің параметрін тексеру (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Басымдықтар) түймешігін басыңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Paper Type (Қағаз түрі) ашылмалы тізіміндегі More... (Қосымша...) опциясын бас
ыңыз.
5. Ty
pe is: (Түрі:) тармағына арналған опцияларды кеңейтіңіз.
6. Қағазды ең жақсы сипаттайтын қағаз түрлерінің санатын жайыңыз.
114 Бап 9 Проблемаларды шешу
KKWW