HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide

Hewlett Packard компаниясы жаңа немесе қайта өндірілген HP жабдықтары болып
табылмайтын жабдықтарды пайдалануды ұсынбайды. Олар HP компаниясының өнімдері
болмағандықтан, HP компаниясы олардың əзірленуіне ықпал ете алмайды жəне сапасын
бақылай алмайды. Егер қайта толтырылған немесе қайта өндірілген тонер картриджін
пайдаланып, баспа сапасына қанағаттанбасаңыз, тонер картриджін түпнұсқа HP тонер
картриджімен ауыстырыңыз.
Баспа сапасы бетін басып шығару жəне түсіну
1. Негізгі экранда Setup (Параметрлерді орнату) түймешігін түртіңіз.
2. Reports (Есептер) түймешігін түртіңіз.
3. Print Quality Page (Баспа сапасы беті) түймешігін түртіңіз.
Бұл бетте түстің бес лентасы бар, төмендегі көрсетілгендей олар төрт топқа бөлінген. Əр
бөлімді тексере отырып, белгілі бір тонер картриджіндегі ақаулықты бөліп алуға болады.
Бөлім Тонер картриджі
1
Сары
2
Көгілдір
3
Қара
4
Қызыл
Егер нүктелер немесе жолақтар тек топтардың бірінде шықса, топпен байланысатын тонер
картриджін ауыстырыңыз.
Егер нүктелер бірден көп топта шығатын болса, тазалау бетін басып шығарыңыз. Егер бұл
ақаулық шешілмесе, нүктелердің əрдайым бірдей түсте болатынын анықтаңыз; мысалы,
қызыл нүктелер барлық түс ленталарында шығады. Егер барлық нүктелер бірдей түсте
болса, тонер картриджін ауыстырыңыз.
Егер жолақ бірнеше түс ленталарында шықса, HP компаниясына хабарласыңыз. Тонер
картриджінен басқа құрамдас ақаулыққа себеп болуы мүмкін.
Өнімді тазалау
Тазалағыш бетті басып шығару
Басып шығару процесінің барысында қағаз, тонер жəне шаң бөлшектері өнім ішінде жиналуы
мүмкін жəне тонер дақтары немесе шашырауы, жағылу, жолақтар, сызықтар немесе
қайталанатын таңбалар сияқты баспа сапасының мəселелерін тудыруы мүмкін.
116 Бап 9 Проблемаларды шешу
KKWW