HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide

Тазалағыш бетті басып шығару үшін төмендегі іс рəсімін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экрандағы Setup (Параметрлерді орнату)
түймешігін түртіңіз.
2. Service (Қызмет) мəзірін басыңыз.
3. Cleaning Page (Бетті тазалау) түймешігін басыңыз.
4. Сұралғанда, хат немесе A4 пішімді қағаз салыңыз.
5. Тазалау процесін бастау үшін OK түймешігін түртіңіз.
Өнім парақтың бірінші жағын бас
ып,
парақты шығыс науасынан шығаруды жəне 1-науаға
сол бағытта салуды сұрайды. Процесс аяқталғанша күтіңіз. Басып шығарылатын бетті
тастаңыз.
Сканер əйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Уақыт өте сканер əйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына əсер етуі
мүмкін. Сканерді тазалау үшін келесі іс рəсімін пайдаланыңыз.
1. Өнімді өшіру үшін қуат түймешігін басыңыз, одан кейін қуат кабелін электр розеткасынан
ажыратыңыз.
2. Сканердің қақпағын ашыңыз.
3.
Скане
рдің əйнегі мен ақ пластмасса тірегін абразивті емес тазартқыш сұйықтыққа
батырылған жұмсақ шүберекпен немесе губкамен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін тазалау барысында абразивті заттарды, ацетонды,
бензинді, аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы
мүмкін. Сұйықтықтарды тікелей шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына төгіліп,
өнімді зақымдауы мүмкін.
4.
Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ пластмасса тіректі былғары немесе целлюлоза
шүберекпен құрғатыңыз.
5. Қуат кабелін розеткаға жалғаңыз, содан кейін өнімді қосу үшін қуат түймешігін басыңыз.
Тонер картриджін көзбен тексеру
1. Өнімнен тонер картриджін шығарып, бітеуші таспаның алынғанын тексеріңіз.
2. Жад микросхемасының бұзылмағанын тексеріңіз.
3. Тонер картриджындағы бейнелеу барабанының бетін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Тонер картриджының төменгі жағындағы роликке (бейнелеу барабаны)
тимеңіз. Бейнелеу барабанындағы саусақ іздері баспа сапасына кері əсер етеді.
4. Бейнелеу барабанында кез келген сызықтар, саусақ іздері немесе басқа зақымдар
байқалса, тонер картриджін ауыстырыңыз.
5. Бейнелеу барабаны зақымданбаған болып көрінсе, тонер картриджін бірнеше рет ақырын
сілкіп, қайта орнатыңыз. Ақаулықтың түзетілгенін тексеру үшін, бірнеше беттерді басып
шығарыңыз.
KKWW Ба
сп
а сапасын жақсарту
117