HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide

Automatic (Автоматты) параметрі: осы параметрді баспа тапсырмаларының көбіне
таңдаңыз.
Manual (Қолмен) параметрі: түс параметрлерін өзге параметрлерден бөлек реттеу
үшін осы параметрді таңдаңыз. Түстерді қолмен реттеу терезесін ашу үшін Settings
(Параметрлер) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: түс параметрлерін қолмен өзгерту шығару жұмысына əсер етуі мүмкін. HP
компаниясы бұл параметрлерді тек түс графикасы мамандары өзгертуін ұсынады.
6. Түрлі түсті құжатты қара жəне сұр түстің реңктерімен басып шығару үшін Print in Grayscale
(Сұр түспен басып шығару) опциясын басыңыз. Түрлі түсті құжаттарды фотокөшірме
немесе факс үшін басып шығаруға осы опцияны пайдаланыңыз. Бұған қоса, бұл оп
ц
ияны
алғашқы нұсқа көшірмелерін басып шығару немесе түсті тонерді үнемдеу үшін
пайдалануға болады.
7. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін
түртіңіз. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығар
у) тілқатыс
у терезесіндегі OK
түймешігін түртіңіз.
Басқа принтер драйверін қолданып көру
Бағдарламалық құралдан басып шығарып жатқан болсаңыз жəне басып шығарылған беттерде
сызбалардағы күтпеген сызықтар, мəтіннің болмауы, сызбалардың болмауы, дұрыс емес пішім
немесе өзгертілген қаріптер туындаса, басқа принтер драйверін қолданып көріңіз.
HP веб-торабынан төмендегі драйверлердің ке
з келгенін жүктеп алыңыз. АҚШ-та www.hp.com/
support/colorljMFPM476 торабына өтіңіз. АҚШ-тан тыс жерлерде www.hp.com/support торабына
өтіңіз. Еліңізді/аймағыңызды таңдаңыз. Download Drivers & Software (Драйверлерді жəне
бағдарламаларды жүктеу) сілтемесін басыңыз. Өнім атауын енгізіп, Search (Іздеу) опциясын
таңдаңыз.
HP PCL 6 драйвері
Құралдың CD дискісіндегі əдепкі драйвер ретінде берілген. Басқа бір
драйвер таңдамасаңыз, осы драйвер автоматты түрде орнатылады.
Барлық Windows орталары үшін ұсынылады
Пайдаланушылардың көбісіне толық оңтайлы жылдамдық пен өнім
мүмкіндігі қолдауын қамтамасыз етеді
Windows орталарындағы ең жақсы жылдамдық үші
н Windows Graphic Device
Interface (GDI) интерфейсімен теңесетін етіп əзірленген
PCL 5 драйверіне негізделген үшінші тарап жəне бейімделген
бағдарламалық құралдарымен толық үйлеспеуі мүмкін
HP UPD PS драйвері
Adobe
®
бағдарламалық құралдарымен немесе басқа графикалық жадты
көп тұтынатын бағдарламалық құралдармен басып шығару үшін
ұсынылады
Postscript эмуляция қажеттіліктерін қолдауды немесе postscript флэш
қаріптерін қолдауды қамтамасыз етеді
KKWW Баспа сапасын жақсарту
121