HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide

Қағаз параметрлерін тексеру
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экрандағы Copy (Көшіру) түймешігін түртіңіз.
2. Settings (Параметрлер) түймешігін түртіңіз де, Paper (Қағаз) түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз.
3. Қағаз өлшемдері тізімінде, науадағы қағаз өлшемінің атауын түртіңіз.
4. Қағаз түрл
ері тізімінде, науадағы қағаз түрінің атауын түртіңіз.
Суретті реттеу параметрлерін тексеру
1. Негізгі экранда Copy (Көшіру) түймешігін түртіңіз.
2. Settings (Параметрлер) түймешігін, одан кейін Image Adjustment (Кескін реттеу) түймешігіне
жылжып, оны түртіңіз.
3. Реттеу керек параметрді басыңыз.
Lightness (Ашықтық): ашықтық/күңгірттік параметрін реттейді.
Contrast (Контраст): кескіннің ең аш
ық жə
не ең күңгірт аймақтарының арасындағы
контрастты реттейді.
Sharpen (Айқындау): мəтін таңбаларының айқындығын реттейді.
Background Removal (Фонды алу): кескін өңінің күңгірттік деңгейін реттейді. Бұл түрлі
түсті қағаздарда басып шығарылатын түпнұсқа құжат
тар үшін өте ыңғайлы.
Color Balance (Түс балансы): қызыл, жасыл жəне көк түстердің реңктерін реттейді.
Grayness (Сұр түс): түстердің қанықтығын реттейді.
4. Параметрдің мəнін реттеу үшін немесе + түйме
шігін,
одан кейін OK түймешігін басыңыз.
5.
Басқа параметрді реттеңіз немесе басты көшіру мəзіріне қайту үшін қайту көрсеткісін
басыңыз.
Мəтіндер немесе суреттер үшін оңтайландыру
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экрандағы Copy (Көшіру) түймешігін түртіңіз.
2. Settings (Параметрлер) түймешігін түртіңіз де, Optimize (Оңтайландыру) түймешігіне
жылжып барып, түртіңіз. Опциялардың ішінде жылжу үшін көрсеткі түймешіктерін түртіңіз
де, таңдау үшін бі
р опцияны басыңыз. Келесі көшірме сапасының параметрлері
қолданылады:
Auto Select (Автоматты түрде таңдау): көшірменің сапасы маңызды болмаған кезде осы
параметрді пайдаланыңыз. Бұл əдепкі параметр болып табылады.
Mixed (Аралас): бұл параметрді мəтіні мен суреттері араласып келетін құжаттар үші
н
пайдаланыңыз.
Text (Мəтін): мəтіні көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
Picture (Сурет): құрамында суреттері көп болатын құжаттар үшін осы параметрді
пайдаланыңыз.
124 Бап 9 Проблемаларды шешу
KKWW