HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide

Факс сурет сапасын жақсарту
Егер өнімде кескін сапасына байланысты мəселелер болып жатса, мəселені шешу үшін келесі
шешімдерді берілген ретпен қолданып көріңіз.
Сканер əйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Факс жіберу ажыратымдылық параметрлерін тексеру
Қатені түзету параметрлерін тексеру
Бетке шақтау параметрін тексеру
Басқа факс құрылғысына жіберу
Жіберушінің факс құрылғысын тексеру
Алдымен мына қарапайым қадамдарды орындап көріңіз:
Құжаттарды автоматты беру құрылғысының орнына планшетті сканерді пайдаланыңыз.
Жоғары сапалы түпнұсқаларды пайдаланыңыз.
Құжаттарды автоматты беру құрылғысын пайдаланғанда анық емес немесе жылжып
кеткен суреттерді болдырмау үшін қағаз бағыттағыш
т
арын пайдаланып, бастапқы
құжаттарды автоматты беру құрылғысына дұрыс жүктеңіз.
Егер мəселе əлі бар болса, мына қосымша шешімдерді қолданып көріңіз. Егер сонда да мəселе
шешілмесе, қосымша шешімдерді «Баспа сапасын жақсарту» бөлімінен қараңыз.
Сканер əйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Уақыт өте сканер əйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына əсер етуі
мүмкін. Сканерді тазалау үшін келесі іс рəсімін пайдаланыңыз.
1. Өнімді өшіру үшін қуат түймешігін басыңыз, одан кейін қуат кабелін электр розеткасынан
ажыратыңыз.
2. Сканердің қақпағын ашыңыз.
3.
Скане
рдің əйнегі мен ақ пластмасса тірегін абразивті емес тазартқыш сұйықтыққа
батырылған жұмсақ шүберекпен немесе губкамен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін тазалау барысында абразивті заттарды, ацетонды,
бензинді, аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы
мүмкін. Сұйықтықтарды тікелей шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына төгіліп,
өнімді зақымдауы мүмкін.
4.
Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ пластмасса тіректі былғары немесе целлюлоза
шүберекпен құрғатыңыз.
5. Қуат кабелін розеткаға жалғаңыз, содан кейін өнімді қосу үшін қуат түймешігін басыңыз.
Факс жіберу ажыратымдылық параметрлерін тексеру
Егер қабылдаушы факс машинасы жауап бермегендіктен немесе бос болмағандықтан өнім
факс жібере алмаса, бос болмағанда нөмірді қайта теру, жауап болмағанда нөмірді қайта теру
KKWW Факс сурет сапасын жақсарту
127