HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide
●
Компьютерде принтер драйвері орнатылғанын тексеріңіз.
●
Дұрыс принтер портын таңдалғанын тексеріңіз.
●
Компьютер жəне өнім бірдей сымсыз желіге қосылғанын тексеріңіз.
●
Mac OS X жүйесі үшін сымсыз маршрутизатордың Bonjour желісін қолдайтындығын
тексеріңіз.
Сымсыз конфигурациялау аяқталғаннан кейін өнім басып шығармайды
1. Өнімнің қосылғанын жəне жұмысқа дайын екендігін тексеріңіз.
2. Компьютердегі кез келген үшінші тарапты желіаралық дидарларды өшіріңіз.
3. Сымсыз желі дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
4. Компьютер дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз. Қажет болса, компьютерді қайта іске
қос
ыңыз.
5. HP
енгізілген веб-серверінің өнімін желідегі компьютерден аша алатындығыңызды
тексеріңіз.
Өнім басып шығармайды жəне компьютерде үшінші тараптың
желіаралық қалқаны орнатылған
1. Желіаралық қалқанды өндірушіде бар ең соңғы жаңартумен жаңартыңыз.
2.
Егер бағдарламалар өнімді орнату немесе басып шығару кезінде желіаралық қалқанға кіру
мүмкіндігін сұраса, бағдарламалардың іске қосылуына рұқсат бергеніңізді тексеріңіз.
3. Желіаралық қалқанды уақытша өшір
іп, компьютерге сымсыз өнімді орнатыңыз. Сымсыз
орнатуды аяқтағаннан кейін желіаралық қалқанды қосыңыз.
Сымсыз маршрутизатор немесе өнімді жылжытқаннан кейін сымсыз
байланыс жұмыс істемейді
1. Маршрутизатор немесе өнімнің компьютер қосылған желіге қосылғанын тексеріңіз.
2. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
3. Компьютер үшін конфигурациялау есебіндегі қызмет орнату идентификаторын (SSID)
принтер конфигурациясындағы қызмет орнату идентификаторымен (SSID) салыстырыңыз.
4. Сандар бірдей болмаса, онда құрылғылар бір желіге қосылмайды. Өні
мнің сы
мсыз
орнатуын қайта конфигурациялаңыз.
Сымсыз өнімге қосымша компьютерлер қосу мүмкін емес
1.
Басқа компьютерлер сымсыз ауқымда екенін жəне ешбір кедергі сигналды
бұғаттамайтынын тексеріңіз. Көп желілер үшін сымсыз кіру нүктесінің 30 м асатын сымсыз
ауқымы болады.
2. Өнімнің қосылғанын жəне жұмысқа дайын екендігін тексеріңіз.
3. Компьютердегі кез келген үшінші тарапты же
ліаралық дидарларды өшіріңіз.
KKWW Сымсыз желі ақауларын жою
133










