HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide
Факс мəселелерін шешу
Факстің ақаулықтарын жою туралы бақылау кестесі
●
Бірнеше ықтимал шешім қолжетімді болады. Əр ұсынылған əрекеттен кейін ақаудың
жойылғанын тексеру үшін қайта факс жіберіп көріңіз.
●
Факс ақауларын жойғанда жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін құрылғы сымы тікелей
қабырғадағы телефон ұясына жалғанғанын те
ксеріңіз. Құрылғыға жалғанған басқа
құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
1. Телефон сымының өнімнің артқы жағындағы дұрыс ұяға жалғанғанын тексеріңіз.
2. Факс тексеруін пайдаланып, телефон желісін тексеріңіз:
а.
Өнімнің басқару тақтас
ы
ндағы негізгі экранда Setup (Параметрлерді орнату)
түймешігін, одан кейін Service (Қызмет) мəзірін түртіңіз.
ə.
Fax Service (Факс қызметі) мəзірін таңдаңыз.
б.
Run Fax Test (Факс сынағын орындау) параметрін таңдаңыз. Құрылғы факс тексеруінің
есебін басып шығарады.
Есепте келесі ықтимал нəтижелер болады:
●
Сəтті: Есепте қарап шығуға болат
ы
н ағымдағы факс параметрлері бар.
●
Сəтсіз: Есеп қате сипаттамасын жəне мəселені шешу жолы бойынша ұсыныстарды
көрсетеді.
3. Өнімге орнатылған бағдарламалық құрал ағымдағы екенін тексеріңіз:
а.
Ағымдағы микробағдарлама күнінің кодын алу үші
н Rep
orts (Есептер) мəзірінен
конфигурация бетін басып шығарыңыз.
ə.
Мына
www.hp.com/go/support бетіне өтіңіз де, Drivers & Software (Драйверлер жəне
бағдарламалар) сілтемесін басыңыз, іздеу өрісінде өнім атауын теріңіз, ENTER
түймешігін басып, іздеу нəтижелерінің тізімінен өнімді таңдаңыз.
б.
Операциялық жүйені таңдаңыз.
в.
Firmware (Микробағдарлама) бөлімінде Firmware Update Utility (Микробағдарламаны
жаңарту утилитасын) тар
мағын табыңыз.
ЕСКЕРІМ: принтер үлгісіне арналған микробағдарламаны жаңарту утилитасын
пайдаланыңыз.
г.
Download (Жүктеу) түймешігін, Run (Орындау) түймешігін, одан кейін Run (Орындау)
түймешігін қайтадан басыңыз.
136 Бап 9 Проблемаларды шешу
KKWW










