HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide

Көшірме жасау
1. Құжатты сканер шынысына өнімдегі көрсеткіштерге сай салыңыз.
ЕСКЕРІМ: Ең жақсы нəтижелер алу үшін шағын өлшемді қағазды (letter, A4, немесе
кішірек) қағаздың ұзын жиегімен сканер шынысының сол жиегінің бойымен салыңыз.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экрандағы Copy (Көшіру) түймешігін түртіңіз.
3. Əр түрлі құжаттардың көшіру сапасын оңтайландыру үшін Settings (Параметрлер)
түймешігін түртіңіз, одан кейін Optimize (Оңтайландыру) түймешігіне жылжып, түртіңіз.
Опциялардың ішінде жы
лжу үшін көрсеткі түймешіктерін түртіңіз де, таңдау үшін бір
опцияны басыңыз. Келесі көшіру сапасының параметрлері қол жетімді:
Auto Select (Автоматты түрде таңдау): көшірменің сапасы маңызды болмаған кезде осы
параметрді пайдаланыңыз. Бұл əдепкі параметр болып табылады.
Mi
xed (Аралас): бұл параметрді мəтіні мен суреттері араласып келетін құжаттар үшін
пайдаланыңыз.
Text (Мəтін): мəтіні көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
Picture (Сурет): құрамында суреттері көп болатын құжаттар үшін осы параметрді
пайдаланыңыз.
4. Көшірмелердің санын өзгер
ту үшін көрсеткілерді түртіңіз немесе тұрған санды түртіп,
көшірмелердің санын енгізіңіз.
5. Көшірмені бастау үшін Black (Қара) немесе Color (Түрлі түсті) түймесін түртіңіз.
40 Бап 5 Көшіру
KKWW