HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide
HP Scan бағдарламалық құралының көмегімен
сканерлеу (Windows)
Компьютердегі бағдарламадан сканерлеуді бастау үшін HP Scan бағдарламасын пайдаланыңыз.
Сканерленген кескінді файл ретінде сақтауға, электрондық пошта арқылы жіберуге немесе
басқа бағдарламаға жіберуге болады.
1. Құжатты сканер шынысына өнімдегі көрсеткіштерге сай салыңыз.
ЕСКЕРІМ: Ең жақсы нəтижелер алу үшін шағын өлшемді қағазды (letter, A4, немесе
кішірек) қағаздың ұзын жиегімен сканер шынысының сол жиегінің бойымен салыңыз.
2. Start (Бастау) түймешігін басып, Programs (Бағдарламалар) (немесе Windows XP үшін All
Programs (Барлық бағдарламалар)) тармағын таңдаңыз.
3. HP түймешігін басыңыз, содан кейін HP Scan тармағын басыңыз.
4. Сканерлеу сілтемесін таңдап, қажет болса, параметрлерді икемдеңіз.
5. Scan (Сканерлеу) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қосымша опцияларға қол жеткізу үшін, Advanced Settings («Қосымша параметрлер»)
тармағын таңдаңыз.
Арнаулы параметрлер жиынтығын жасап, оларды сілтемелер тізіміне сақтау үшін, Create New
Shortcut («Жаңа сілтеме жасау») пəрменін басыңыз.
44 Бап 6 Сканерлеу
KKWW










