HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide

Факстерді жіберуді жəне алуды реттеу
Бастау алдында
1-қадам: телефон қосылымының түрін анықтау
2-қадам: факсті реттеу
3-қадам: факс уақытын, күнін жəне тақырыбын реттеу
4-қадам: факс сынағын орындау
Бастау алдында
Факс қызметін қоспай тұрып өнім толығымен реттелгенін тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: өнімді телефон ұясына жалғау үшін өніммен бірге жеткізілген телефон кабелін
жəне кез келген адаптерлерді пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: сериялық телефон жүйелері пайдаланылатын елдерде/аймақтарда өніммен бірге
адаптер жеткізіледі. Өнім жалғанған телефон ұясына басқа телекоммуникациялық
құрылғыларды жалғау үшін адаптерді пайдаланыңыз.
Келесі төрт қадамның əрқайсысындағы нұсқауларды орындаңыз:
1.
1-қадам: телефон қосылымының түрін анықтау 58-бетте.
2.
2-қадам: факсті реттеу 59-бетте.
3.
3-қадам: факс уақытын, күнін жəне тақырыбын реттеу 63-бетте.
4.
4-қадам: факс сынағын орындау 65-бетте.
1-қадам: телефон қосылымының түрін анықтау
Қолданылатын орнату əдісін анықтау үшін келесі жабдық жəне қызмет түрлерін қарап шығыңыз.
Қолданылатын əдіс телефон жүйесінде орнатып қойылған жабдыққа жəне қызметтерге
байланысты.
ЕСКЕРІМ: өнім аналогтық құрылғы болып табылады. НР компаниясы өнімді арнаулы аналогтық
телефон желісінде пайдалануды ұсынады.
Арнайы бөлінген телефон желісі: өнім телефон желісіне қосылған жалғыз жабдық
немесе қызмет болып табылады
Дауыстық қоңыраулар: дауыстық жəне факс қоңыраулары бір телефон желісін
пайдаланады
Автожауапбергіш: автожауапбергіш факс қоңыраулары үшін қолданылатын телефон
желісінде дауыстық қоңырауларға жауап береді
Дауыстық пошт
а: дауыстық поштаға жазылым қызметі факспен бірдей телефон желісін
пайдаланады
Ерекше қоңырау шалу қызметі: бірнеше телефон нөмірін бір телефон желісімен
байланыстыруға мүмкіндік беретін телефония компаниясының қызметі, əр нөмірдің
58 Бап 7 Факс
KKWW