HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide

2. Телефон кабелін құрылғыдағы факс портына жəне қабырғадағы телефон ұясына жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: кейбір елдерде/аймақтарда өніммен бірге берілген телефон кабеліне адаптер
қажет болуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: кейбір өнімдерде факс порты телефон портының үстінде болуы мүмкін.
Өнімдегі белгішелерді қараңыз.
3. Өнімнің артындағы телефон желісінің шығыс портының тығынын алыңыз, одан кейін
телефонды осы портқа жалғаңыз.
4. Өнімді факс қоңырауларына автоматты түрде жауап беруге реттеңіз.
а.
Өнімді қосыңыз.
ə.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup (Параметрлерді орнату)
түймешігін түртіңіз.
б.
Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мəзірін түртіңіз.
в.
Basic Setup (Негізгі параметрлерді орнату) мəзірін түртіңіз.
г.
Answer Mode (Жауап беру режимі) параметрін, одан кейін Automatic (Автоматты)
параметрін түртіңіз.
5. Өнімді факсті жіберу алдында теру үнін тексеруге реттеңіз.
ЕСКЕРІМ: бұл басқа біреу телефонды пайдаланып жатқан кезде өнімнің факс жіберуін
болдырмайды.
а.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup (Параметрлерді орнату)
түймешігін түртіңіз.
ə.
Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мəзірін түртіңіз.
б.
Advanced Setup (Кеңейтілген параметрлерді орнату) мəзірін түртіңіз.
в.
Detect Dial Tone (Теру үнін анықтау) параметрін, одан кейін On (Қосу) күйін түртіңіз.
6.
3-қадам: факс уақытын, күнін жəне тақырыбын реттеу 63-бетте бөліміне өтіңіз.
Автожауапбергіш бар ортақ дауыс/факс желісі
Өнімді автожауапбергіш бар ортақ дауыс/факс желісінде орнату үшін осы қадамдарды
орындаңыз.
KKWW Факстерді жіберуді жəне алуды реттеу
61