HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide

1. Телефон ұясына қосылған барлық құрылғыларды ажыратыңыз.
2. Өнімнің артындағы телефон желісінің шығыс портының тығынын алыңыз.
3. Телефон кабелін құрылғыдағы факс портына жəне қабырғадағы телефон ұясына жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: кейбір елдерде/аймақтарда өніммен бірге берілген телефон кабеліне адаптер
қажет болуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: кейбір өнімдерде факс порты телефон портының үстінде болуы мүмкін.
Өнімдегі белгішелерді қараңыз.
4.
Автожауапбергіштің телефон кабелін өнім артындағы телефон желісінің шығыс портына
жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: автожауапбергішті тікелей өнімге жалғаңыз, əйтпесе автожауапбергіш
жіберіліп жатқан факстің факс үндерін жазуы жəне өнім факстерді қабылдамауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: егер автожауапбергіште кірістірілген телефон болмаса, ыңғайлы болуы үшін
телефонды автожауапбергіштегі OUT (ШЫҒЫС) портына жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: кейбір өнімдерде факс порты телефон портының үстінде болуы мүмкін.
Өнімдегі белгішелерді қараңыз.
5. Өнімдегі жауап беретін қоңыраулар параметрін реттеңіз.
а.
Өнімді қосыңыз.
ə.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup (Параметрлерді орнату)
түймешігін түртіңіз.
62 Бап 7 Факс
KKWW