HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide

Жылдам теру жазбаларын жасау, өңдеу жəне жою
Жиі терілетін факс нөмірлерін (120 жазбаға дейін) жеке факс нөмірлері немесе факс
нөмірлерінің тобы ретінде сақтауға болады.
Факстің телефон кітабын жасап, оны өңдеу үшін басқару тақтасын пайдалану
Басқа бағдарламалардан телефон кітабының мəліметтерін пайдаланыңыз
Телефон кітапшасының жазбаларын жою
Факстің телефон кітабын жасап, оны өңдеу үшін басқару тақтасын
пайдалану
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Fax (Факс) түймешігін түртіңіз.
2. Fax Menu (Факс мəзірі) түймешігін түртіңіз.
3. Phone Book Setup (Телефон кітабының параметрлерін орнату) түймешігін түртіңіз.
4. Жылдам теру жазбасын жасау үшін Individual Setup (Жеке параметрлерді реттеу) түймешігін
не
м
есе Group Setup (Топ параметрлерін реттеу) түймешігін түртіңіз.
5. Тізімдегі тағайындалмаған нөмірді түртіңіз.
6. Жазбаға ат енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
7. Жазбаға факс нөмірін енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түрт
іңіз.
Басқа бағдарламалардан телефон кітабының мəліметтерін
пайдаланыңыз
КЕҢЕС: басқа бағдарламадан телефон кітабын импорттамас бұрын, сол басқа бағдарламаның
экспорттау функциясын пайдалануыңыз қажет.
HP Device Toolbox контакт мəліметтерін келесі бағдарламалық құралдың телефон кітаптарынан
импорттай алады.
Microsoft Outlook
Lotus Notes
Microsoft Outlook Express
Басқа HP компаниясы өнімдерінің Device Toolbox бағдарламалық құралдарынан бұрын
экспортталған телефон кітабы.
Телефон кітапшасының жазбаларын жою
Өнімдегі бағдарламаланған телефон кітабының жазбаларын өшіруіңізге болады.
ЕСКЕРТУ: телефон кітабындағы жазбалар өшірілген жағдайда, оларды қайта қалпына келтіру
мүмкін емес.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Fax (Факс) түймешігін түртіңіз.
2. Fax Menu (Факс мəзірі) түймешігін түртіңіз.
KKWW
Жылдам теру жазбаларын жасау, өңдеу жəне жою 69