HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide

Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасы
Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасын пайдаланып компьютерден өнімнің күйін, не болмаса
өнімнің параметрлерін көруге немесе өзгертуге болады.
HP утилитасын өнім USB кабелімен жалғанғанда немесе TCP/IP негізінде істейтін желіге
жалғанғанда пайдалануға болады.
HP утилитасын ашыңыз
1. Компьютерде Apple мəзірін ашып, System Preferences (Жүйелік параметрле) мəзірін
басыңыз да, Print & Fax (Басып шығару жəне факс) белгішесін немесе Print & Scan (Басып
шығару жəне сканерлеу) белгішесін басыңыз.
2. Терезенің сол жағындағы өнімді таңдаңыз.
3. Options & Supplies (Опциялар мен жабдықтар) түймешігін басыңыз.
4. Uti
lity (Утилита) қойындысын басыңыз.
5. Open Printer Utility (Принтер утилитасын ашу) түймешігін басыңыз.
HP утилитасының функциялары
HP утилитасының құралдар тақтасы əр беттің жоғарғы жағында болады. Ол мына элементтерді
қамтиды:
Devices (Құрылғылар): бұл түймешікті HP утилитасы тапқан Mac өнімдерін экранның сол
жағындағы Printers (Принтерлер) аймағында көрсету немесе жасыру үшін басыңыз.
All Settings (Барлық параметрлер):
бұл түймешікті HP утилитасының басты бетіне оралу
үшін басыңыз.
HP Support (HP қолдау орталығы): бұл түймешікті шолғышты ашу жəне өнімнің HP қолдау
веб-торабына өту үшін басыңыз.
Supplies (Жабдықтар): бұл түймешікті HP SureSupply веб-торабын ашу үшін басыңыз.
R
egistration (Тіркеу): бұл түймешікті HP тіркеу веб-торабын ашу үшін басыңыз.
Recycling (Қайта пайдалану): бұл түймешікті HP дүниежүзілік серіктестерінің қайта
пайдалану бағдарламасы веб-торабын ашу үшін басыңыз.
HP утилитасы All Settings (Барлық параметрлер) тізімін басу арқылы ашылатын беттерден
тұра
ды.
Келесі кестеде НР утилитасының көмегімен орындауға болатын тапсырмалар
түсіндіріледі.
Мəзір Нөмірі Сипаттама
Ақпарат жəне қолдау Жабдықтар күйі
Өнім жабдықтарының күйін көрсетіп, жабдықтарға желіде
тапсырыс беру сілтемелерін қамтамасыз етеді.
Құрылғы туралы ақпарат Қазіргі уақытта таңдалған өнім туралы ақпаратты
көрсетеді, соның ішінде, өнімнің қызметтік
идентиф
икаторын (тағайындалған болса),
микробағдарлама нұсқасын (FW нұсқасы), сериялық
нмөірін жəне IP мекенжайын.
KKWW
Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасы 77