HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide
IP желі параметрлерін реттеу
●
Принтерді бірлесіп пайдалануға байланысты жауапкершіліктен бас тарту
●
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
●
Желідегі өнімнің атауын өзгерту
●
IPv4 TCP/IP параметрлерін басқару тақтасын қолмен реттеу
Принтерді бірлесіп пайдалануға байланысты жауапкершіліктен бас
тарту
HP бір рангтік желіні қолдамайды, себебі бұл — HP принтер драйверлерінің емес, Microsoft
операциялық жүйелерінің функциясы. Microsoft компаниясының
www.microsoft.com сайтына
өтіңіз.
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
IP мекенжайын конфигурациялау параметрлерін көру немесе өзгерту үшін HP ендірілген веб-
серверін пайдаланыңыз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а.
IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін өнімнің басқару тақтасындағы негізгі
экранда желі
түймешігін түртіңіз.
ə.
Веб-шолғышты ашыңыз жəне мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын
дəл өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter
пернесін басыңыз. EWS ашылады.
2. Желі жөніндегі ақпаратты алу үшін Networking (Желіге қосылу) жиекбелгісін басыңыз.
Параметрлерді қажетінше өзгертіңіз.
Желідегі өнімнің атауын өзгерту
Ерекше белгілеу үшін желідегі өнімнің атауын өзгерту керек болса, HP ендірілген веб-серверін
пайдаланыңыз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а.
IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін өнімнің басқару тақтасындағы негізгі
экранда желі
түймешігін түртіңіз.
ə.
Веб-шолғышты ашыңыз жəне мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын
дəл өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter
пернесін басыңыз. EWS ашылады.
2. System (Жүйе) қойындысын ашыңыз.
80 Бап 8 Өнімді басқару
KKWW










