HP LaserJet Pro Color MFP M476 - User's Guide

Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, желіңіздегі аса маңызды ақпаратты қорғауға жəне
өнімді бақылау мен оған қызмет көрсету тəсілін жеңілдетуге көмектесетін қауіпсіздік
стандарттар жəне ұсынылған протоколдар қолданылады.
HP's қауіпсіздік кескін өңдеу жəне басып шығару шешімде
рі жөнінде толық ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/secureprinting торабына барыңыз. Бұл торап қауіпсіздік мүмкіндіктері жөніндегі
ақ беттерге жəне жиі қойылатын сұрақтар құжаттарына сілтемелерді береді.
HP ендірілген веб-серверін пайдаланып өнімнің құпия сөзін орнату
немесе өзгерту
HP енгізілген веб-серверін пайдаланып кілтсөзді орнатыңыз немесе желідегі өнімнің бұрыннан
бар кілтсөзін өзгертіңіз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а.
IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін өнімнің басқару тақтасындағы негізгі
экранда желі
түймешігін түртіңіз.
ə.
Веб-шолғышты ашыңыз жəне мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын
дəл өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter
пернесін басыңыз. EWS ашылады.
2. System (Жүйе) қойындысын басып, Product Security (Өнім қауіпсіздігі) немесе Administration
(Басқару) сілтемесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер құпия сөз алдын ала орнатылған болса, құпия сөзді теру ұсынылады. Құпия
сөзді енгізіп, Apply (Қолдану) түймешігін басыңыз.
3. Password (Құпия сөз) жəне Confirm password (Құпия сөзді растау) өрістерінде жаңа құпия
сөзді енгізіңіз.
4. Құпия сөзді сақтау үшін терезенің төменгі жағындағы Apply (Қолдану) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: USB кабелімен Windows компьютеріне жалғанған өнімдер үшін өнімнің құпия сөзін
өзгерту үшін HP құрылғысының құралдар жинағын пайдаланыңыз:
1. Start (Бастау) түймешігін басып, Programs (Бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
2. HP өнімдер тобын басып, HP Device Toolbox (HP құрылғысының құралдар жи
нағы) элементін
басыңыз.
3. System (Жүйе) құсбелгісін қойыңыз.
4. Administration (Басқару) пəрменін таңдап, құпия сөзді өзгерту аймағын табыңыз.
KKWW Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
89