HP LaserJet Pro Color MFP M476 - Warranty and Legal Issues Guide

Деректер тонер картриджінде сақталған
HP тонер картридждері осы өніммен пайдаланылады, оның құрамында өнімнің əрекетіне
көмектесетін жад микросхемасы бар.
Қосымша, бұл жад микросхемасы өнімді пайдалану туралы ақпаратты жинайды, оның
құрамында төмендегілер болуы мүмкін: тонер картриджінің алғашқы орнатылған күні, тонер
картриджінің соңғы пайдаланыл
ған күні, тонер картриджі арқылы басып шығарылған беттер
саны, бет толтыру, пайдаланылған баспа режимдері, пайда болуы мүмкін кез келген баспа
қателері жəне өнім моделі. Бұл ақпарат HP компаниясына болашақта тұтынушының баспа
қажеттіліктеріне сəйкес өнім жасақтау үшін
көмектеседі.
Тонер картриджінің жад микросхемасынан жиналған деректер құрамында тонер картриджінің
немесе олардың өнімінің тұтынушысы немесе пайдаланушысын анықтайтын ақпарат бар.
HP компаниясы HP компаниясының тегін қайтару жəне қайта қолдану бағдарламасына
қайтарылған баспа картридждерінен алынған жад микросхемасының үлгілерін жинайды
(HP Planet Partners:
www.hp.com/recycle). Осы үлгіден алынған жад микросхемасы болашақ
HP өнімдерін жақсарту үшін оқылады жəне үйретіледі. Осы тонер картриджін қайта қолдануға
көмектесетін HP əріптестері осы деректерге қол жеткізе алады.
Тонер картриджіне ие болған кез келген үшінші тарап жад микросхемасындағы көрсетілмеген
ақ
паратқа қол жеткізуі мүмкін.
14 Бап 1 Қызмет жəне Қолдау
KKWW