HP LaserJet Pro Color MFP M476 - Warranty and Legal Issues Guide
Өнімнің қоршаған ортаға зиянсыздығын бақылау
бағдарламасы
Қоршаған ортаны қорғау
Hewlett-Packard компаниясы қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жолмен сапалы өнімдерді
шығаруды ұстанады. Бұл өнім қоршаған ортаға зиянды азайтатын бірнеше белгілермен
жобаланған.
Озон өндіру
Бұл өнім ешбір елеулі озон газын өндірмейді (O
3
).
Тұтынылатын қуат
Ұйқы немесе Auto-Off (автоматты өшіру) режимінде қуаттың пайдаланылуы айтарлықтай азайып,
бұл өнімнің жоғары өнімділігіне əсер етпестен табиғи ресурстар мен қаражатты үнемдейді.
ENERGY STAR
®
логотипімен белгіленген Hewlett-Packard басып шығару жəне кескіндеу жабдығы
АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің ENERGY STAR техникалық сипаттамаларына сəйкес
келеді. Келесі белгі ENERGY STAR кəсіби кескін өнімдерінде көрсетіледі:
Қосымша ENERGY STAR кескіндеу өнімі моделінің туралы ақпарат тізімі мына сайтта берілген:
www.hp.com/go/energystar
Тонерді пайдалану
EconoMode режимі тонерді аз пайдаланады, бұл тонер картриджінің қызмет ету мерзімін
ұзартуы мүмкін. HP компаниясы EconoMode режимін ұдайы пайдалануды ұсынбайды. EconoMode
режимі үнемі пайдаланған жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер
жабдығынан ерте тозуы мүмкін. Баспа сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, тонер
картриджін
ауыстырған жөн.
Қағаз пайдалану
Бұл өнімнің қолмен дуплекстеу мүмкіндігі (екі жағына басып шығару) жəне N-up басып шығару
(бір бетке бірнеше бетті басып шығару) қабілеті пайдаланылатын қағазды, соның нəтижесінде
табиғи ресурстарға деген қажеттілікті азайтады.
Пластмасса
Ауырлығы 25 граммнан асатын пластмасса бөлшектер бұйымның пайдалану мерзімі
аяқталғаннан кейін пластмассаның қайта пайдалануға жарамдылығын күшейтетін халықаралық
стандарттар бойынша белгіленген.
KKWW Өнімнің қоршаған ортаға зиянсыздығын бақылау бағдарламасы
25










