HP Color LaserJet Pro M452 - User's Guide
Сенсорлы экранның басқару тақталары
1. Принтердің басқару панеліндегі Setup (Параметрлерді орнату) түймешігін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
● Жүйе параметрі
● Баспа сапасы
● Түстерді дәлдеу
3. Calibrate Now (Қазір калибрлеу) түймешігін түртіңіз. Принтердің басқару панелінде Calibrating
(Калибрлеу орындалуда) хабары көрсетіледі. Калибрлеу процесін аяқтауға бірнеше минут кетеді.
Калибрлеу процесі аяқталғанша принтерді өшірмеңіз.
4. Принтерді калибрлеу аяқталғанша күтіп, басып шығару әрекетін қайталаңыз.
Үнемдеу режимі параметрлерін тексеру
HP компаниясы EconoMode режимін үнемі пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі үнемі пайдаланған
жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан ерте тозуы мүмкін. Баспа
сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, тонер картриджін ауыстырған жөн.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті Windows жүйесінде PCL 6 принтер драйверімен пайдалануға болады. Сол
драйверді пайдаланбаған жағдайда, бұл мүмкіндікті HP енгізілген веб-серверін пайдаланып қосуға
болады.
Бүкіл бет тым күңгірт немесе тым ашық болса, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/сапа) қойындысын басып, Print Quality (Басып шығару сапасы) аймағын табыңыз.
4. Бүкіл бет тым күңгірт болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:
● 600 dpi опциясын таңдаңыз.
● Оны қосу үшін EconoMode құсбелгісін қойыңыз.
Бүкіл бет тым ашық болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:
● FastRes 1200 опциясын таңдаңыз.
● Оны өшіру үшін EconoMode құсбелгісін алыңыз.
5. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін басыңыз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 113