HP Color LaserJet Pro M452 - User's Guide
Принтердің басқару панелінде «Cartridge is low» (Картридж
деңгейі төмен) немесе «Cartridge is very low» (Картридж деңгейі
өте төмен) хабары көрсетіледі
●
«Very Low» (Өте төмен) параметрлерін өзгерту
●
Жабдықтарына тапсырыс беру
Cartridge is low (Картридж деңгейі төмен): принтер тонер картриджінің деңгейі төмен екенін көрсетеді.
Тонер картриджінің қалған нақты жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы нашарлағанда,
орнына салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз. Тонер картриджін әзірше ауыстыру қажет емес.
Тонерді қайта үлестіру рұқсат етілетін баспа сапасына сәйкес келмейінше, басып шығаруды ағымдағы
картриджбен жалғастыруыңыз. Тонерді қайта үлестіру үшін, тонер картриджін принтерден шығарып алып,
картриджді әрі-бері ақырын сілкіңіз. Тонер картриджін принтерге қайта салып, қақпақты жабыңыз.
Cartridge is very low (Картридж деңгейі өте төмен): принтер тонер картриджінің деңгейі өте төмен екенін
көрсетеді. Тонер картриджінің қалған нақты жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Тонердің қызмет мерзімін
ұзарту үшін картриджді әрі-бері ақырын сілкіңіз. Баспа сапасы нашарлағанда, орнына салынатын баспа
картриджін дайындап қойыңыз. Басып шығару сапасы жарамды деңгейде болса, тонер картриджін әзірше
ауыстырудың қажеті жоқ.
HP тонер картриджі Өте төмен деңгейге жеткенде, HP компаниясының тонер картрижіне арналған басты
қорғау кепілдігінің мерзімі аяқталады.
«Very Low» (Өте төмен) параметрлерін өзгерту
Жабдықтар «Very Low» (Өте төмен) деңгейіне жеткенде принтер орындайтын әрекеттерді өзгертуге
болады. Осы параметрлерді жаңа тонер картриджін орнатқанда қайта орнатудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты әртүрлі болады.
1. 2 жолды басқару панельдері: Принтердің басқару панеліндегі OK түймешігін басыңыз.
KKWW Принтердің басқару панелінде «Cartridge is low» (Картридж деңгейі төмен) немесе «Cartridge is very low»
(Картридж деңгейі өте төмен) хабары көрсетіледі
85