HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Факс жəне сандық телефон қызметтері
Көптеген телефон компаниялары тұтынушыларға келесі сияқты сандық телефон
қызметтерін береді:
Сандық абоненттік желі (DSL): Телефон компаниясы арқылы сандық
абоненттік желі (DSL) қызметі. (Сандық абоненттік желі (DSL) сіздің еліңізде/
аймағыңызда ассиметриялық сандық абоненттік желі (АDSL) деп аталуы
мүмкін.)
Жеке телефон станциясы (PBX): Жеке телефон станциясының (PBX)
телефон жүйесі.
Біріктірілген қызметтердің сандық желісі (ISDN): Біріктірілген қызметтердің
сандық желісінің (ISDN) жүйесі.
Интернет протоколы арқылы факс жіберу: Интернетті қолдану арқылы
принтермен факстарды жіберуге жəне қабылдап алуға мүмкіндік беретін
төмен бағадағы қызмет. Бұл əдіс интернет (Internet) протоколы арқылы факс
жіберу деп аталады. Қосымша ақпарат алу үшін
Интернет протоколы
арқылы факс жіберу бөлімін қараңыз.
HP принтерлері дəстүрлі ұқсас телефон қызметтерімен бірге қолдану үшін
арнайы жасалған. Егер сандық телефон ортасында (мыс., DSL/ADSL, PBX немесе
ISDN), принтердің факс қызметін орнатып жатқанда, сандық-аналогтық сүзгілерді
немесе түрлендіргіштерді қолдану қажет болуы мүмкін.
Ескертпе HP компаниясы принтердің барлық сандық орталарда барлық
сандық қызмет желілерімен немесе қызметті берушілермен, сандық-аналогтық
түрлендіргіштермен сəйкестігіне кепілдеме бермейді. Əрқашан телефон
компанияларының берілген желі қызметтеріне негізделіп дұрыс орнату
параметрлерін алу үшін тікелей компаниямен талқылау ұсынылады.
Интернет протоколы арқылы факс жіберу
Интернетті қолдану арқылы принтермен факстарды жіберуге жəне қабылдап
алуға мүмкіндік беретін төмен бағадағы қызметке жазылуыңызға болады. Бұл əдіс
интернет (Internet) протоколы арқылы факс жіберу деп аталады.
Келесі жағдайда интернет протоколы арқылы факс жіберу қызметін қолдануыңыз
мүмкін (телефон компаниясы арқылы берілген):
Факс нөмірімен бірге арнайы қатынас кодын теріңіз немесе
Факс қосылымы үшін аналогты телефон
порттарын беретін жəне Интернетке
қосылымды беретін идентификация нүктесін түрлендіргіш қорапша бар.
Ескертпе Принтерде «1-LINE» деп белгіленген портқа телефон сымын
жалғау арқылы тек қана факстарды алуға жəне жіберуге болады. Бұл
Интернетке қосылымды түрлендіргіш қорапша (факс қосылымдары үшін
жүйелі аналогты телефон ұяларын береді) немесе телефон компаниясы
арқылы жасалуы қажет дегенді білдіреді.
Бап 6
98 Факс