HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Ескертпе HP компаниясын Linux амалдық жүйесінде басып шығару бойынша
қолдау бөлімінің телефонын бермейді. Барлық қолдау қызметі Интернеттегі
мына веб-сайтта берілген:
https://launchpad.net/hplip. Қолдау процесін бастау
үшін Задать вопрос (Сұрақ қою) түймешігін басыңыз.
HPLIP веб-сайты Windows немесе Mac OS X операциялық жүйелері үшін
қолдау көрсетпейді. Осы операциялық жүйелерді пайдаланып отырсаңыз,
www.hp.com/support веб-сайтын қараңыз. Бұл веб-торапта жалпы принтер
ақаулықтарын түзетуге көмектесе алатын ақпарат пен қызметтік
бағдарламалар беріледі.
Осы бөлімде төмендегідей тақырыптар бар:
Қоңырау шалмас бұрын
Телефонмен қолдау көрсету мерзімі
Телефонмен қолдау көрсету мерзімінен кейін
Қоңырау шалмас бұрын
Компьютер мен принтердің алдында отырғанда HP қолдау қызметіне қоңырау
шалыңыз. Мына ақпараттарды беруге дайын болыңыз:
Үлгі нөмірі
Сериялық нөмірі (принтердің артқы немесе астыңғы жағында орналасады)
Жағдай туындағанда пайда болатын хабарламалар
Мына сұрақтарға жауаптар:
◦Бұрын мұндай жағдай туындады ма?
◦Қайта жасай аласыз ба?
◦Осы жағдай
басталғанда компьютерге жабдық немесе бағдарламалық
құрал қосқан жоқсыз ба?
◦Бұл жағдайдың алдында бірнəрсе болды ма (мысалы, найзағай ойнады
ма немесе принтерді жылжыттыңыз ба)?
Телефонмен қолдау көрсету мерзімі
Солтүстік Америка, Азиялық Тынық мұхит аймағы жəне Латын Америкасы
(Мексиканы қоса) елдерінде бір жылға телефонмен қолдау көрсетіледі.
Телефонмен қолдау көрсету мерзімінен кейін
Телефонмен қолдау көрсету мерзімінен
кейін HP компаниясынан қосымша ақыға
көмек алуға болады. HP компаниясының желідегі қолдау қызметі веб-сайтынан да
көмек алуға болады:
www.hp.com/support. Бұл веб-торапта жалпы принтер
ақаулықтарын түзетуге көмектесе алатын ақпарат пен қызметтік бағдарламалар
беріледі. Қолдау мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты алу үшін HP өнімін
сатушымен хабарласыңыз немесе еліңіздегі/аймағыңыздағы қолдау көрсету
қызметінің телефон нөміріне қоңырау шалыңыз.
HP қолдау қызметі 117