HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
қайталаңыз. Қосымша ақпаратты амалдық жүйеге арналған Анықтама жүйесінен
қараңыз.
Принтер теңшелімін тексеру
Қосымша ақпарат алу үшін
Ақаулықтарды жою бойынша жалпы кеңестер мен
ресурстар бөлімін қараңыз.
HP бағдарламалық құралы орнатылымын тексеру
Басып шығарып жатқанда принтер өшіп қалса, компьютер экранында ескерту
хабарламасы пайда болады; əйтпесе, принтер ұсынған HP бағдарламалық
құралы дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін. Мұның шешімін табу үшін, HP
бағдарламалық құралын толығымен жойып, HP бағдарламалық құралын қайта
орнатыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
НР бағдарламалық құралын жою жəне
қайта орнату бөлімін қараңыз.
Кабель қосылымдарын тексеру
USB кабелінің немесе Ethernet кабелінің екі ұшы да қауіпсіз екенін тексеріңіз.
Принтер желіге жалғанған болса, мынаны тексеріңіз:
Принтердің артқы жағындағы Байланыс шамын тексеріңіз.
Принтерге жалғау үшін телефон сымын пайдаланбағаныңызды
тексеріңіз.
Компьютерде орнатылған кез келген жеке желіаралық қалқан
бағдарламалық құралын тексеру
Жеке бағдарламалық құралдың желіаралық қалқаныкомпьютерге рұқсатсыз
кіруден қорғайтын қауіпсіздік бағдарламасы. Дегенмен, желіаралық қалқан
компьютер мен принтер арасындағы байланысты бөгеп тастауы мүмкін.
Принтермен байланысу бойынша ақаулық болса, желіаралық қалқанды уақытша
ажыратып көріңіз. Ақаулық шешілмесе, желіаралық қалқанның байланысу
ақаулығына қатысы болмағаны. Желіаралық қалқанды қайта қосыңыз.
Принтер жай басып шығарады
Егер принтер тым жай басып шығаратын болса, келесі шешімдерді орындап
көріңіз.
1-шешім: Төмен басып шығару сапасы параметрін пайдалану
2-шешім: Сия деңгейлерін тексеру
3-шешім: HP қолдау қызметімен хабарласу
1-шешім: Төмен басып шығару сапасы параметрін пайдалану
Шешім: Басып шығару сапасы параметрін тексеріңіз. Лучший (Ең жақсы)
жəне Максимум точек на дюйм (Ең үлкен нүкте/дюйм) ең жақсы сапаны
бергенмен, Обычный (Қалыпты) немесе Черновой (Жоба жазба)
параметрлеріне қарағанда жай басып шығарады. Черновой (Жоба жазба)
ең жоғарғы жылдамдықпен басып шығарады.
Себеп
: Басып шығару сапасы үшін жоғарғы параметр орнатылған.
Бап 9
120 Мəселені шешу