HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
3-шешім: Кіріс науасына жүктелген қағазды тексеру
Шешім: Қағаздың дұрыс жүктелгенін жəне бүктеліп қалмағанын немесе
тым қалың еместігін тексеріңіз.
Басып шығарылатын бетін төмен қаратып қағазды жүктеңіз. Мысалы,
жылтыр фотосурет қағазын жүктегелі отырсаңыз, жылтыр бетін төмен
қаратып салыңыз.
Қағаздың кіріс науасына тегіс, мыжылмай салынғанын тексеріңіз.
Басып шығарылып жатқанда қағаз басып шығару механизміне тым
жақын орналасса, сия жайылып кетуі мүмкін. Бұл қағаз көтеріліп,
мыжылып немесе пошта хатқалтасы сияқты тым қалың болған
жағдайдан болады.
Қосымша ақпаратты мына бөлімінен қарауға болады:
Қағазды жүктеңіз.
Себеп: Қағаз дұрыс жүктелмеген немесе ол мыжылып қалған не болмаса
тым қалың.
Егер бұл мəселені шешпесе, келесі шешімді қараңыз.
4-шешім: Қағаз түрін тексеру
Шешім: HP компаниясы өздері шығарған қағазды немесе принтерге сəйкес
келетін ColorLok технологиясы бар басқа қағаз түрін пайдалануға кеңес
береді. ColorLok ені бар барлық қағаздар басып шығару сапасының жəне
сенімділіктің жоғары стандарттарына сəйкес болу үшін, құжаттарды анық,
ашық түсте, мөлдір қара түстерде басып шығару үшін жəне бастапқы
қарапайым қағаздармен салыстырғанда жылдам кептіру
үшін тəуелсіз
сынақтан өткізілген.
Əрқашан басып шығарып жатқан қағаздың тегіс екенін тексеріңіз. Суреттерді
басып шығарғанда жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін HP жетілдірілген
фотосурет қағазын пайдаланыңыз.
Арнайы медиа құралын өз бумасында, жабық полиэтилен қалтасының
ішінде салқын, құрғақ, тегіс жерде сақтаңыз. Басып шығаруға дайын
болғанда пайдалануды жоспарлаған қағазды ғана дереу шығарып алыңыз.
Басып шығаруды аяқтағанда қолданылмаған
фотосурет қағазын полиэтилен
қалтасына салып қойыңыз. Бұл фотосурет қағазының шиыршықталып
қалмауына мүмкіндік береді.
Ескертпе Бұл мəселе бойынша сия керек-жарақтарымен мəселе
болмайды. Сондықтан, сия картридждерін ауыстыру қажет емес.
Қосымша ақпаратты мына бөлімінен қарауға болады:
Қағазды таңдаңыз.
Себеп: Кіріс науасына дұрыс емес қағаз түрі жүктелген.
Егер бұл мəселені шешпесе, келесі шешімді қараңыз.
Бап 9
126 Мəселені шешу