HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
шығару сапасын диагностикалау беті басып шығару жүйесінің дұрыс жұмыс
істеп тұрғанын анықтауға көмектеседі.
7-шешім: HP қолдау қызметімен хабарласу
Шешім: Көмек алу үшін HP қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Мына веб-торапқа өтіңіз:
www.hp.com/support. Бұл веб-торапта жалпы
принтер ақаулықтарын түзетуге көмектесе алатын ақпарат пен қызметтік
бағдарламалар беріледі.
Нұсқау берілсе, елді/аймақты таңдаңыз да, техникалық қолдау қызметіне
қоңырау шалу туралы ақпаратты алу үшін Обратитесь к представителям
HP (НР компаниясының өкілдерімен байланысу) түймешігін басыңыз.
Себеп: Басып шығару бастиегінде ақау бар.
Қағаз беру ақаулықтарын шешу
Түйіспе Көптеген жиі кездесетін принтер ақаулықтарын түзетуге көмектесетін
ақпарат пен қызметтік бағдарламаларды алу үшін
www.hp.com/support
мекенжайындағы HP компаниясының желідегі қолдау қызметі веб-торабына
кіруге болады.
Медиа құралын принтер немесе науа қолдамайды
Пайдаланып отырған принтер немесе науа қолдайтын медиа құралын
қолданыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
Қағаз сипаттары бөлімін қараңыз.
Медиа құралы науадан алынбайды
Медиа құралын науаға жүктелгенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
Қағазды жүктеңіз бөлімін қараңыз. Медиа құралын жүктемес бұрын қағып
алыңыз.
Қағаз бағыттауыштарын жүктеп жатқан медиа құралының өлшемі үшін
науадағы дұрыс белгіге орнатыңыз. Бағыттауыштар бума үшін ыңғайлы
екенін, бірақ тыс нығыз еместігін тексеріңіз.
Науадағы медиа құралының бұратылып қалмағанын тексеріңіз. Қағаздың
бұралған жағын қарсы бағытта майыстырып, оны түзетіңіз.
Медиа құралы дұрыс өтпейді
Шығыс науасының
кеңейткіші толық кеңейтілгенін тексеріңіз; əйтпесе, басып
шығарылған беттер принтерден түсіп қалуы мүмкін.
Қағаз беру ақаулықтарын шешу 129