HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Құжат бөлігі сканерленбеді немесе мəтін жоқ
Түпнұсқаны тексеру
Түпнұсқаның дұрыс жүктелгенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
Сканер əйнегіне түпнұсқаны жүктеу немесе Түпнұсқаны құжаттарды
автоматты түрде жүктейтін құралға жүктеу бөлімін қараңыз.
◦Егер құжатты құжаттарды автоматты түрде жүктейтін құралдан
сканерлесеңіз, құжатты сканер шынысынан тікелей сканерлеп көріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін
Сканер əйнегіне түпнұсқаны жүктеу бөлімін
қараңыз.
Боялған өңдер алдыңғы жақтағы кескіндердің өңге араласуын
тудырады. Түпнұсқаны сканерлеместен бұрын, параметрлерді реттеп
көріңіз немесе түпнұсқаны сканерлегеннен кейін кескінді жақсартып
көріңіз.
Параметрлерді тексеру
HP принтер бағдарламалық құралында көрсетілген сканерлеу өлшемі
сканерлеп жатқан түпнұсқа үшін жеткілікті түрде үлкен болуын
тексеріңіз.
HP принтер бағдарламалық құралын пайдаланып жатсаңыз, HP
принтер бағдарламалық құралындағы
əдепкі параметрлер сіз
орындауға əрекеттенген тапсырмаңыздан басқа нақты тапсырманы
автоматты түрде орындауға орнатылған болуы мүмкін. Сипаттарды
өзгерту туралы нұсқауларды HP принтер бағдарламалық құралының
экрандағы анықтамасынан қараңыз.
Мəтін өңделмейді
Параметрлерді тексеру
OCR орнатылғандығын тексеріңіз:
Windows: Компьютердің жұмыс үстелінде Пуск (Бастау) түймешігін
басып, Программы (Бағдарламалар) немесе Все программы (Барлық
бағдарламалар) тармағын, HP тармағын таңдаңыз да, принтер атауын
нұқып, одан кейін Настройка принтера (Принтерді орнату) &
Программное обеспечение (Бағдарламалық құрал) белгішесін
нұқыңыз. Добавить дополнительное ПО (Қосымша бағдарламалық
құралды қосу) түймешігін басып, Настроить выборы ПО
(Бағдарламалық
құрал таңдауларын теңшеу пəрменін таңдаңыз жəне
OCR параметрінің таңдалғанын тексеріңіз.
Mac OS X: Ең аз орнату параметрін пайдаланып HP бағдарламалық
құралын орнатқан болсаңыз, OCR бағдарламалық құралы
орнатылмаған болуы мүмкін. Егер HP бағдарламалық құралын
орнатпаған болсаңыз, принтермен бірге берілген HP бағдарламалық
құралының ықшам дискісін пайдаланып орнатуға болады немесе HP
компаниясының қолдау қызметі веб-сайтынан
www.hp.com/support HP
бағдарламалық құралын жүктеп алуға болады. HP Installer
бағдарламасын ашып, шақыруларды орындаңыз. Шақырылған кезде,
HP Ұсынылған параметрі таңдалғандығын тексеріңіз..
Түпнұсқаны сканерлегенде, өңделетін мəтінді жасайтын
бағдарламалық құралдағы құжат түрінің таңдалғандығын тексеріңіз.
Егер мəтін сызба ретінде сыныпталса, ол мəтінге түрлендірілмейді.
Бап 9
136 Мəселені шешу