HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
«Факс белсенді телефон ұясына қосылған» сынағы орындалмады.
Шешім:
Телефон сымының қауіпсіз екенін тексеру үшін, принтер мен телефон
ұясы арасындағы қосылымды тексеріңіз.
Принтермен бірге келген телефон сымын пайдаланып отырғаныңызды
тексеріңіз. Телефон ұясынан принтерге жалғау үшін телефон сымы
пайдаланылмаса, факстарды жібере де, қабылдай да алмайсыз.
Принтермен бірге келген телефон сымын жалғағаннан кейін факсты
тексеруді қайта іске қосыңыз.
Принтердің телефон ұясына дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Принтермен
бірге берілген қораптағы телефон сымын қолданып бір ұшын телефон
ұясына қосыңыз, одан кейін екінші ұшын принтердің артындағы
таңбаланған 1-LINE портына қосыңыз. Факс жіберу үшін принтерді
орнату туралы қосымша ақпаратты
Қосымша факсты орнату бөлімінен
қараңыз.
Телефон сплиттерін пайдаланып отырсаңыз, факс аппаратында
ақаулық туындауы мүмкін. (Сплиттертелефон ұясына жалғайтын екі
сымды қосқыш.) Сплиттерді алып тастап, телефон ұясына принтерді
тікелей қосып көріңіз.
Жұмыс телефоны мен телефон сымын принтер үшін қолданылатын
телефон ұясына қосуға əрекет жасап, теру сигналын тексеріңіз. Теру
сигналын естімесеңіз, телефон компаниясымен байланысып, желіні
тексерткізіңіз.
Сынақ факсын жіберіп немесе қабылдап көріңіз. Факсты сəтті жіберіп,
қабылдасаңыз, мұнда ақаулықтың болмағаны.
Табылған ақаулықтарды шешкеннен кейін, жіберілетіндігін жəне принтердің
факс жіберуге дайын екенін тексеру үшін факс сынағын қайтадан іске
қосыңыз.
«Принтер сымы факстағы дұрыс портқа қосылған» сынағы орындалмады.
Шешім: Телефон сымын дұрыс портқа жалғаңыз.
1. Принтермен бірге берілген қораптағы телефон сымын қолданып бір
ұшын телефон ұясына қосыңыз, одан кейін екінші ұшын принтердің
артындағы таңбаланған 1-LINE портына қосыңыз.
Ескертпе Телефон ұясына қосу үшін 2-EXT портын қолдансаңыз,
факстарды жіберу немесе алу мүмкін болмайды. 2-EXT порты
жауап беру құрылғысы сияқты тек қана басқа жабдыққа қосу үшін
қолданылуы қажет.
Бап 9
142 Мəселені шешу