HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Сандық абоненттік желі (DSL) қызметін қолданып жатқан болсаңыз,
қосылған DSL сүзгісінің болуын тексеріңіз, əйтпесе факсты сəтті жіберу
мүмкін болмайды. Қосымша ақпарат алу үшін
B жағдайы: Сандық
абоненттік желісі (DSL) бар принтерді орнату бөлімін қараңыз.
Принтердің сандық телефондар үшін орнатылған телефон ұясына
қосылғанын тексеріңіз. Телефон желісінің сандық екенін тексеру үшін,
қалыпты үйлесімді телефонды желіге қосып, теру сигналын тыңдаңыз.
Қалыпты дыбысталатын теру сигналын естімесеңіз, бұл сандық
телефондар үшін орнатылған телефон желісі болуы мүмкін.
Жеке телефон станциясының немесе біріктірілген қызметтердің сандық
желісінің түрлендіргішін/
терминал адаптерін қолданып жатқан
болсаңыз, принтердің дұрыс портқа қосылғандығын жəне мүмкін болса,
терминал адаптерінің елге/аймаққа арналған дұрыс қосылым түріне
орнатылғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
С жағдайы: Жеке
телефон станциясының жүйесімен (PBX) немесе біріктірілген
қызметтердің сандық желісімен (ISDN) принтерді орнату бөлімін
қараңыз.
Принтер DSL қызметімен бірдей телефон желісін ортақ пайдаланатын
болса, DSL модемі жерге дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін. DSL
модемі жерге дұрыс орнатылмаған болса, телефон желісінде шу
шығарылуы мүмкін. Нашар дыбыс сапасы бар телефон желілері факс
жіберу ақаулықтарын тудыруы мүмкін. Телефонды телефон ұясына
жалғау жəне статикалық немесе басқа шуды тыңдау арқылы телефон
желісінің дыбыс
сапасын тексеруге болады. Шуды еститін болсаңыз,
DSL модемін өшіріп, кем дегенде 15 минутқа қуаттан толығымен
ажыратыңыз. Одан кейін DSL модемін кері қосып, теру сигналын
қайтадан тыңдаңыз.
Ескертпе Келешекте телефон желісінде қайтадан статикалық
шуды байқауыңыз мүмкін. Принтер факстарды жіберуді жəне
қабылдауды тоқтатса, осы процесті қайталаңыз.
Телефон желісі əлі де шу шығарса, телефон компаниясымен
байланысыңыз. DSL модемін қосу туралы қосымша ақпаратты алу үшін
қолдау қызметін беретін DSL провайдерімен байланысыңыз.
Телефон сплиттерін пайдаланып отырсаңыз, факс аппаратында
ақаулық туындауы мүмкін. (Сплиттертелефон ұясына жалғайтын екі
сымды қосқыш.) Сплиттерді алып тастап, телефон ұясына принтерді
тікелей қосып көріңіз.
Факс ақаулықтарын шешу 149