HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Түсті факстар басып шығармайды
Себеп: Кіріс факсын басып шығару параметрі ажыратылған.
Шешім: Түсті факстарды басып шығару үшін, принтердің басқару
тақтасындағы кіріс факсын басып шығару параметрінің қосылғанын
тексеріңіз.
Компьютер факстарды қабылдай алмайды (Компьютерге сканерлеу жəне
Mac файлына сканерлеу)
Себеп: Факстарды қабылдау үшін таңдалған компьютер өшірілген.
Шешім: Факстарды қабылдау үшін таңдалған компьютердің барлық
уақытта қосылған болуын тексеріңіз.
Себеп: Орнату жəне факстарды қабылдау үшін əртүрлі компьютерлер
теңшелген жəне олардың бірі өшірілген болуы мүмкін.
Шешім: Факстарды қабылдайтын компьютерден орнату үшін
қолданылатын компьютердің бірі басқаша болса, барлық уақытта екі
компьютер де қосылған болуы қажет.
Себеп: Компьютерге сканерлеу жəне Mac файлына сканерлеу
белсендірілмеген немесе компьютер факстарды қабылдау үшін
теңшелмеген.
Шешім: Компьютерге сканерлеу жəне Mac файлын белсендіріп,
компьютердің факстарды қабылдау үшін теңшелгенін тексеріңіз.
Веб қызметтер мен HP веб-тораптары көмегімен
ақауларды жойыңыз.
Бұл бөлім веб қызметтері мен HP веб-сайттары арқылы жалпы ақаулардың
шешімдерін береді.
Веб-қызметтерімен мəселелерді шешу
HP веб-тораптарын қолдану арқылы ақаулықтарды шешу
Веб-қызметтерімен мəселелерді шешу
HP ePrint жəне принтер бағдарламалары сияқты веб-қызметтерді қолдану кезінде
ақаулықтар туындаса, келесілерді тексеріңіз:
Принтердің Интернетке сымсыз қосылым немесе Ethernet арқылы
жалғанғанын тексеріңіз.
Ескертпе Принтер USB кабелі арқылы қосылған болмаса, осы веб-
мүмкіндіктерді қолдана алмайсыз.
Принтерде өнімнің соңғы жаңартулары орнатылғанын тексеріңіз. Қосымша
ақпарат алу үшін
Принтерді жаңарту бөлімін қараңыз.
Веб қызметтер мен HP веб-тораптары көмегімен ақауларды жойыңыз.155